(
155
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Жоқ олай емес! Керісінше сендер жетімге жақсылық
жасамайсыңдар! Сонымен қатар сендер, бір-бірлеріңді міскін
(дер)
ді
тамақтандыруға шақырмайсыңдар!»
(Фәжр сүресі, 17-18 аяттар)
.
Қоғамдағы халі төмен және мұқтаж жандарға шын пейілімен қол
ұшын бергендер Хақ Тағаланың сүйген құлдары болып табылады. Әрі
екі дүниенің бақытына қол жеткізері хақ.
Ал қанаты қайырылып, бейшара күйге түскен жандардың алдыңғы
қатарында жесірлер мен жетімдер көзге түседі. Олардың ішкі жан
дүниелері рухани тұрғыдан күйзеліске ұшырап, қайғы-мұңның
ортасында кезіп жүреді. Міне осындай күйге тап болған жандарға рухани
және материалдық тұрғыдан көмек беру мұсылман үмбетінің борышы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жесірлерге, пақырлардың істеріне жәрдем
берген жан, Аллаһ жолында күрескен секілді сауап алады»
, - деп айтып,
бұл істің маңыздылығын атап көрсеткен.
Бұл хадис-шәріпті риуаят еткен кісі: «Мен тіпті Аллаһ Елшісінің:
«Ондай кісі, әрдайым түні бойы намаз оқитын, үзбестен ораза ұстайтын
жан секілді», - деп айтқандығын естіген едім», - дейді
(Бұхари, Нафақат 1,
Әдеп 25, 26; Мүслим, Зүһд 41)
.
Хақ Тағала жетімдерге қарайласуды өз мойнына алатындығын
білдірген. Сонымен қатар оларға жақсы мәміле жасауды мүминдерге
әмір еткен.
93
Жетімнің мұқтаждығын өтеуді, биік асудан өтуге теңеген.
94
Биік асудан өтіп, Аллаһ разылығына қол жеткізу үшін, өзі мұқтаж бола
тұра жетім мен тұтқынға қол ұшын берген құлдарын мадақтайды.
95
Бұл мәселе жайындағы Құран Кәрімдегі аяттарға көз жүгіртіп
көрейік:
«Жетімге
(келер болсақ)
оны қақпайлама!
(Жақсы мәміле жаса!)
»
(Дұха сүресі, 9-аят)
.
«Жетімдердің ақысын өтеуде әділеттіліктен таймаңдар! Жасаған
әрбір игіліктеріңді, күмәнсіз Аллаһ біледі»
(Ниса сүресі, 127-аят)
.
Қоғамдағы көңілі жабығып жүргендерге жәрдем берудің орнына
зұлымдық жасау, күпірлікке бойы алдырған қатігез жүректен туады. Хақ
Тағала ондай жандарға мынадай ескерту жасайды.
«Дінді
(яғни, қиямет пен қиямет күнгі есепті)
жалған деп санап
жүргенді көрдің бе? Ол, жетімді қақпайлап,
(ақысын жеп, зұлымдық
жасайды)
. Сондай-ақ, ол, өзге біреуді міскінді тамақтандыруға
93. Бақара сүресі, 83, 177, 215, 220 аяттар; Ниса сүресі, 2-3, 6, 8, 10, 36, 127 аяттар; Әнғам
сүресі, 152-аят; Әнфал сүресі, 41-аят, Исра сүресі, 34-аят; Кәһф сүресі, 82-аят; Хашр
сүресі, 7-аят; Инсан сүресі, 8-аят.
94. Бәләд сүресі, 11-16 аяттар.
95. Инсан сүресі, 8-аят.