¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
164
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
б) Науқасқа қарайласу және дертті жандармен
айналысу
Қоғамда көңілі жабығып жүретіндер аз емес. Солардың бір бөлігі
сырқаттар болып табылады. Денсаулық, Хақ Тағаланың адамзат бала-
сына сыйға тартқан баға жетпес нығметі. Өкінішке орай, оның қадірін
адам баласы тек қатты сырқаттанғанда ғана біліп жатады. Ауырып
қалған, жазылмас дертке шалдыққан жан өз әлсіздігін жақсы сезінеді.
Қатты мұңға батып, рухани тұрғыдан Аллаһ Тағалаға жақындай түседі.
Сағди Ширази, аурудың ішкі жан дүниесіндегі халін былай деп
жеткізеді.
«Түннің нендей ұзақ болатындығын тек сырқаттар ғана біледі».
Ал бір шайыр осы мағынаға жақын өлең жолдарында:
«Ең ұзақ түннің қандай болатындығын жұлдыздарға қарап үкім
ететін жұлдызшы немесе уақытты бөліп тұратын қызметкер білмейді.
Түндердің қанша сағаттық екенін, сен мұңға батып жүргенден сұра», -
дейді.
Өмірде әлсіздіктің, нашарлықтың дәмін татып, көңілі жабыққан
сырқат, міндетті түрде достарының, туыстарының, көршілерінің оны
іздеп, көңілін сұрап шығуын тілейді. Міне осындай жанның көңілін
сұрап шығу, халін сұрау, қолдан келгенше жұбату Аллаһтың разылығына
қол жеткізуге себепкер болатын қызметтердің бірі һәм құлшылық болып
табылады.
Шариғатта аурудың көңілін сұрап шығудың үкімі сүннет муаккада.
Уәжіп деп айтқан ғалымдар да баршылық. Сырқаттанып қалған кез
келген жанды, маңайындағылардан ешкім көңілін сұрап шықпаса,
мұқтаждықтарын өтемесе сол жерде өмір сүретін барша мұсылман
жауапқа тартылады.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар.
Сәлем алу, аурудың көңілін сұрап шығу, жаназаға қатысу, шақырғанға
бару, түшкіргенге «ярхамукаллаһ» (Аллаһ саған мейірімділік танытсын)
деу»
, - дейді
(Бұхари, Жанайз 2; Мүслим, Сәлем 4)
.
Аурудың көңілін сұрап шығу, сауабы мол салих амал. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) бұл істің артықшылығына төмендегі мына хадис-шәріптерде
тоқталып өтеді.
«Кімде-кім сырқаттың көңілін сұрап шықса яки Аллаһ үшін жақсы
көрген кісісін зиярат етсе, оған бір періште: «Сен нендей бақыттысың!
Жақсы жол жүріп келдің. Өзіңе жәннатта баспана әзірледің», - деп
айқайлайды»
(Тирмизи, Бирр 64/2008; ибн Мәжә, Жанайз 2)
.