¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
170
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Қоштасу қажылығында (Меккеде) қатты ауырып қалдым. Көңілімді
сұрап шығуға Аллаһ Елшісі келді. Мен оған қарап: «Уа, Аллаһтың
Елшісі! Мен ауқатты кісімін. Бір қызымнан өзге мұрагерім жоқ. Дүние-
мүлкімнің үштен екісін, садақа ретінде таратсам қалай болады?» - деп
сұрады.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Жоқ», - деп жауап берді.
Мен: «Жартысын таратайын ба?»,-деп сұрадым.
Ол: «Жоқ», - деді.
Мен: «Онда үштен біріне қалай қарайсың?» - дедім.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Үштен бірін тарат. Негізі ол да көп.
Мұрагерлеріңді бай етіп қалдыруың, оларды мұқтаж күйге түсіріп
халыққа алақан жайдыруыңнан артық. Аллаһтың разылығын ойлап
жасаған инфақтың, тіпті әйеліңнің аузына салған астың да сыйын,
сауабын аласың», - деді.
Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Достарымның барлығы кетіп, мен қалып
қоямын ба? (осы жерде өлемін бе?)» - деп сауал қойдым.
Ол: «Жоқ. Сен бұл жерде қалып қоймайсың. Аллаһ разылығы үшін
ізгі істер істеп, мәртебең артады. Көптеген жыл тағы өмір сүріп, кейбір
адамдар (мүминдер) сенен пайда көреді, ал бағзы адамдарға (кәпірлерге)
залалың тиетіндігін Аллаһтан үміт етемін», - деп жауап берді»
(Бұхари,
Жанайз 36, Уасайа 2, Нафақат 1, Мәрда 16, Дағауат 43, Фарайз 6; Мүслим, Уасият 5)
.
Басқа бір риуаятта Сағд: «Сырқаттанып қалғанымда Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) менің көңілімді сұрап шығуға келіп: «Уа, Раббым! Сағдқа шипа
бер», - деп үш мәрте дұға етті», - дейді
(Мүслим, Уасая 8)
.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.а.у.) Сағдтың бұл аурудың
себебінен өлмейтіндігін, тіпті бірнеше жылдар бойы мұсылмандарға
қызмет ететіндігін айтып, мұғжиза көрсеткен. Өйткені, шынында Сағд
(р.а.) бұдан кейін қырық бес жыл тағы ғұмыр кешіп, ислам дініне,
мұсылмандарға көптеген жәрдемі тиіп көз жұмған болатын.
***
Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген дерекке сүйенсек
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жанұя мүшелерінің бірі сырқаттанып қалғанда,
оң қолымен сырқатты сипап былай деп дұға етеді екен: