(
169
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сырқат: «Бидай нанын», - деп жауап берді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағыларға қарап: «Кімде бидай
наны болса, мына бауырына беріп жіберсін», - деді. Артынша: «Егер
сырқаттанып қалған кісілерің қандай да бір нәрсені жеуді қаласа, оны
беріңдер», - деді»
(Ибн Мәжә, Жанайз 1)
.
***
Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қатты азып кеткен сырқатты зиярат етті. Оның
жанына отырып: «Аллаһқа бір нәрсе үшін дұға еттің бе? Жоқ әлде одан
бір нәрсе сұрадың ба?» - деп сұрады.
Сырқат: «Иә. Аллаһым маған ақыретте беретін жазаңды, осы дүниеде
бер» деп дұға етуші едім», - деді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Субханаллаһ! Сенің бұған шамаң жетпейді
ғой. Міне былайша деп дұға етсең болмас па еді?
«Раббымыз! Бізге дүниеде де ақыретте де жақсылық бер. Бізді
тозақ азабынан сақта!»
-
(Бақара сүресі, 201-аят)
.
Мұны естіген сырқат, бұл дұғаны оқып жазылып кетті»
(Мүслим, Зікір,
23; Тирмизи, Дағауат 71/3487)
.
***
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ауырып қалған бір бәдәуидің көңілін сұрап
шықты. Кез келген сырқатты зиярат еткенде айтатын: «Жазылып кет.
Сырқатың күнәларыңа каффарат болар, Құдай қаласа», - деген сөзін
бәдәуиге де айтқан еді
(Бұхари, Таухид, 31).
***
Салман (р.а.) былай дейді:
«Мен бір күні сырқаттанып қалдым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) көңілімді
сұрап шығуға келді. Үйден шығарда:
«Уа, Салман! Аллаһ дертіңе шипа берсін. Күналарыңды кешірсін.
Қайтыс болғанға дейін саған дініңе қуат, бойыңа денсаулық берсін», -
деп дұға етті»
(Хайсами II, 299)
.
***