(
175
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
артық еттік.
(Уа, Мұхаммед!)
Раббыңның
(саған деген)
мейірімі, олар
жинаған барша дүние-мүліктен артық!»
(Зұхруф сүресі, 32-аят)
.
Сондықтан әл-ауқатты жандар, бұл жазмышты жете түсініп, мұқтаж
жандардыңжағдайынабейқамдықтанытпауыкерек.Әрімұнықұлшылық
деп біліп, қолдан келгенін аяп қалмаулары қажет. Хақ Тағала Құран
Кәрімде ең көп қолданылған есімдерінің бірі «Рахман» (өте мейірбан).
Мейірімділік дегеніміз сенде болғанды, болмағанға беру. Басқаша айтсақ,
өзгенің мақұрымдығын жою үшін, аянбай жәрдем ету. Сонымен қатар
иманның ләззаты мейірімділік арқылы сезіледі. Мейірімділіктің жемісі
мұқтаж жандардың дертімен бөлісе білу болып табылады.
Мұқтаж жанға, қарыз болып қалғанға және жолда қалғанға жәрдем
беру ислам дінінің негізгі адами қағидаларының бірі. Күнделікті зәру
мұқтаждықтарын өтей алмай, қарыз болып қалған жанға көмектесу,
дініміздің әмір еткен әлемдік ұстанымы. Бұл көмек, қарыз берушінің
қарыз алғанға белгілі уақыт беруі, қарыздың бір бөлігін немесе барлығын
кешуі, яки басқа біреудің оның қарызын өтеуі арқылы іске асады.
Өзге де қиыншылыққа тап болған жандарға қол ұшын беру
мұсылмандардың ұраны екендігі даусыз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақа беру әрбір мұсылманның міндеті»,
- деді.
Сахабалар: «Садақа беретіндей ешнәрсе таба алмаса, не істейді?»
- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жұмыс істеп, өзі пайда табады
әрі садақа береді», - деп жауап берді. Сахабалар: «Бұған шамасы жетпесе
ше?» - деп сауал қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қиыншылыққа тап
болған, мұқтаж жанға жәрдем береді» - деп жауап берді. Сахабалар:
«Бұған да шамасы жетпесе, не қылмақ?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.): «Жақсылық жасауды өсиет етеді», - деді. Сахабалар: «Бұған да
шамасыжетпесе, не қылмақ?» - деп сауал қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жамандық жасаудан аулақ болады. Бұл да ол үшін садақа» деп жауап
берді
(Бұхари, Зекет, 30, Әдеп, 33; Мүслим, Зекет 55)
.
Яғни мұсылман, әрқашан дін бауырына жәрдемші болуы тиіс. Әрбірі
өзінің шамасы келген инфақты (қайырымдылық) жасайды. Дүние-мүлік
арқылы жасалатын жәрдем жайында Хақ Тағала былай дейді:
«
(Уа, Мұхаммед!)
олар сенен
(Аллаһ жолында)
қандай нәрсе
инфақ ету
(керектігін)
сұрайды.
(Уа, Мұхаммед!)
қандай-да бір инфақ
жасар болсаңдар, әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, міскіндерге,
жолаушыларға
(болсын)
!»
(Бақара сүресі, 215-аят)
.
«
(Сондай-ақ)
туыстың, міскіннің, жолаушының ақысын өте!
Ысырапшылдыққа жол берме!»
(Исра сүресі, 26-аят)
.
Материалдық қиыншылықтарға тап болып, қиналып жүрген мұқтаж