Previous Page  179 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 179 / 462 Next Page
Page Background

(

179

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жол бойы Жабирмен (р.а.) әңгімелесті. Оның

жаңа үйленгендігін, сол себепті қарыздар болғандығын естіді. Одан,

қолында қандай дүние-мүлік бар екендігін сұрады. Ол осы жалғыз

түйесінің бар екендігін айтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны қарыздан

құтқару үшін, түйесін өзіне сатуды ұсынды. Жабир түйесін Мәдинаға

дейін мініп бару шартымен сататын болып келісті. Мәдинаға келіп

жеткенде, түйесін жетектеп Аллаһ Елшісіне келді. Сол сәтте өзін қатты

сүйіндірген, өзге жандарды таң-тамаша еткен ұлы мәмілені көрді. Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) әуелі түйенің ақысын өтеп сатып алады да түйені қайта

оған сыйға тартты» (

Бұхари, Жиһад 49; Буюғ 34; Мүслим, Мусақат 109)

.

Жабир (р.а.) былай дейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) түйемнің ақысын өтеп, түйені маған қайта

сыйға тартқаннан кейін таныс яһудиге кезіктім. Аталмыш уақиғаны оған

айтып салдым. Яһуди қатты таңырқап: «Демек, әуелі түйеңнің ақысын

берді. Артынша өзіңнің түйеңді, өзіңе сыйға тартты», - деп, осы сөзін

бірнеше мәрте қайталады. Мен: «Иә», - деп жауап беріп тұрдым»

(Ахмет

III, 303)

.

***

Әнас (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өте мейірімді жан болатын. Қасына келіп

мұқтаждығын білдірген әрбір кісіні міндетті түрде разы ететін. Өзінен

сұралған нәрсе қолында болса дереу беретін. Ал егер қолында болмаса,

кейінірек тауып беруге уәде ететін. Сөйтіп мұқтаж жанды риза

қылатын.

Бір күні қамат түсіріліп, намазға тұрғанбыз. Аяқ астынан бір бәдәуи

келіп Пайғамбарымыздың (с.а.у.) киімінен тартып: «Саған айтар кішкене

бір мұқтаждығым бар еді. Дәл қазір шешпесем, ұмытып қаламын ба деп

қорқып тұрмын», - деді.

Аллаһ Елшісі бәдәуидің мұқтаждығын өтеп біткенше онымен бірге

күтіп тұрды. Мұқтаждығын өтегеннен кейін қайта бұрылып, намазын

оқыды»

(Бұхари, әл-Әдебул-Муфрад № 278)

.

***

Ибн Аббас (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір кісі өзіне он динар қарыз болып қалған кісінің қыр соңынан

қалмай: «Сен мұны өтегенге дейін немесе саған кепіл болатын біреуді

көрсетпейінше артыңнан қалмаймын», - деп келе жатқан еді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әлгі кісінің қарызын өтеуді өз мойнына алды.

Әрі қарыз болып қалған кісіге бір ай мұрсат беруін өтінді. Осы уақыт

ішінде қарыз болып қалған кісі қолында өңделмеген алтынымен