Previous Page  181 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 462 Next Page
Page Background

(

181

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

оған кеңшілік танытып қарызын кешіп жібер! Бәлки Аллаһ та біздің

күнәларымызды кешірер», - дейтұғын.

Сонымен әлгі кісі Аллаһ Тағалаға қауышады. Аллаһ оның күнәларын

кешеді»

(Бұхари, Әнбия 54; Мүслим, Мусақат 31)

.

***

Бір кісі Абдулла ибн Омарға (р.а.) келіп: «Мен бір адамға қарыз ақша

бердім. Әрі бергенімнен артық етіп, қайтаруына шарт қостым», - деді.

Абдулла (р.а.): «Бұл өсім болып есептеледі», - деді.

Ол кісі: «Маған сонда не қыл демексің?» - деп сұрады.

Ибн Омар: «Қарыздың үш түрі бар:

1. Аллаһ разылығы үшін қарыз ақша бересің. Аллаһ саған разы болып,

сауап береді.

2. Жолдасыңды разы ету үшін қарыз ақша бересің. Жолдасың да риза

болады.

3. Адал ақшаңмен хараммүлік алу үшін қарыз бересің. Бұл өсім болып

табылады. (Яғни біреуге қарыз ақша бересің. Әрі оның қайтарымын

бергеніңнен артық етіп беруін талап етесің. Осылайша адал ақшаңа

харам ақшаны араластырып, ластайсың).

Ол кісі қайтадан : «Енді маған не істеуімді әмір етесің?» - деп сұрады.

Абдулла: «(Қайтарымын артық етіп шарт қосқан) парақты жыртуыңды

(яғни өсім шартын жоқ етуіңді) өсиет етемін. Саған бергеніңді бүтіндей

қайтарса қабыл ет. Бергеніңнен аз етіп өтесе, оны қабыл етсең сауапқа

қол жеткізесің. Егер сен қаламастан, өз қалауымен бергеніңнен артық

етіп өтесе бұл саған алғысын білдіргені. Оған қарызын өтеу үшін белгілі

мүддет (уақыт) бергенің үшін өз алдына сауап аласың», - деп жауап берді

(Муатта, Буюғ 92)

.

***

Хазірет Мәулана мұқтаж жандар мен жолда қалып қойған кісілерге

қол ұшын берудің маңыздылығын былай деп түсіндіреді:

«Ұлы ғалымБаязит Бистами қажылық жасау үшінМеккеге бет алады.

Жолдағы қалаларға соғып, рухани ұстаздарды сұрастыратын. Қалада

кезіккен әрбір адамнан: «Бұл аймақта рухани ұстаздардан кім бар?» -

деп сұрайтын.

Өйткені ол, әуелі әулиелердіңнасихатына құлақ асудыңдұрыстығына

иланатын. Хақ Тағала Құран Кәрімде:

«Білмейтін болсаңдар,

білетіндерден сұраңдар!»

- деп әмір етеді

(Нахыл сүресі, 43-аят; Әнбия сүресі,

7-аят)

.

Пайғамбар Мұсаның (а.с.) өзіне, «ләдунни» білім иесі Қызырды (а.с.)