Previous Page  182 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

182

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

зиярат ету бұйырылған еді.

Баязит жаңа туған ай секілді көркем, ұзын бойлы пірге кезігеді. Оның

бойынан әулиелердің нышаны байқалатын. Көздері дүние-мүлік дегенге

соқыр, ал жүрегі күн секілді шуағын шашып тұр еді. Баязит пірге сәлем

беріп қасына жайғасты.

Пір оған қарап: «Уа, Баязит! Қайда жол тарттың?» - деп сұрады.

Баязит: «Қажылыққа кетіп барамын. Екі жүз дирһам ақшам бар», -

деп жауап берді.

Пір Баязитке қарап былай деді:

«Уа, Баязит! Әлгі ақшаңның бір бөлігін, Аллаһ жолында жүрген

мұқтаждарға, пақырларға, бейшараларға тарат! Олардың ішкі жан

сарайына ен! Рухың биіктейді. Әуелі ішкі сарайыңмен қажылық жаса!

Содан кейін ғана, нәзік жүрекпен сапарыңды жалғастыр!

ӨйткеніҚағба, Аллаһтыңмаржаны. Яғнизиярат етілуі парыз, міндетті

түрде сауап берілетін жердегі үйі болып табылады. Ал адам жүрегі, сыр

қазынасы.

Қағба, Азардың ұлы Ибраһим (а.с.) салған ғимарат! Ал адамның ішкі

жан сарайы Хақ Тағаланың назары түсетін жер.

Егер бойыңда игілік болса, әуелі ішкі жан сарай Қағбасын тауап ет!

Топырақтан соғылған Қағбаның негізгі мән-мағынасы ішкі жан сарайда.

Хақ Тағала көзге көрініп тұрған Қағбаны рухани кірден тазарып,

пәктікке бой алдырған ішкі жан сарайыңмен Қағбаны тауап етуіңді

мұрат етеді.

Мынаны жадыңнан шығарма! Аллаһтың назары түсіп тұратын

кез келген жанның ішкі жан сарайын ренжітсең, Қағбаға жаяу барып,

қажылық етсең де, алған сауабың әлгі ренжітуіңді жаба алмайды.

Сен қолыңнан келгенше, дүние-мүлкіңді сарп етіп біреудің ішкі жан

сарайын шаттыққа бөле! Сауабын, рақатын ақыретте көресің.

Хақ Тағаланың құзырына мыңдаған кесе толы алтын апарсаң да құны,

қадірі болмайды.

Аллаһ Тағала: «Бізге бір нәрсе әкелгің келсе, игілік жасап біреудің

ішкі жан сарайын қуант. Соның сауабымен кел! Өйткені алтын мен

күмістің біз үшін қадірі жоқ. Біздің разылығымызды ойлап жүрсең, игі іс

істеп сауап алуға күш сал!» - дейді.

Баязит пірдің айтқан сөзін ұғынды. Ішкі жан сарайы биіктеп,

қуанышқа бөленді. Осылайша сапарын ары қарай жалғастырды».

Қайғы-қасіреттің маңынан табылу, қанаты қайырылған жандарға қол

ұшын беру, мұқтаж кісілерді сүйіндіру іспетті қоғамдық қызметтер кәміл