¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
188
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Сонымен қатар, амал дәптері сол жағынан беріліп, үлкен қасіретке
тап болған жанның;
«Әрі ол өзге жанды, міскінді тамақтандыруға
шақырмайтын»
деген қасиеті айтылады
(Хаққа сүресі, 34-аят)
.
Оған қоса, ақыретке иланбаған жандардың ең басты сипаттарының
бірі аштарды тамақтандыруға үндемеу болып табылады. Мына аят соған
айғақ болады.
«Әрі ол өзге жанды, міскінді тамақтандыруға құлық танытпайды»
(Мағұн сүресі, 3-аят)
.
Демек, ақыретке иланатын мүминдердің ең басты қасиеттерінің бірі
аштарды тойғызу, пақырға инфақ жасау екен.
Бір кісі Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Мұсылманның қандай амалы
өзгесінен артық?» - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Танитын яки танымайтын кез келген жанға
ас беру және сәлем беру»
, - деп жауап береді
(Бұхари, Иман 6, 20, Истизан 9, 19;
Мүслим, Иман 63)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) басқа хадисінде:
«Игіліктің қырық түрі бар.
Осылардың ең абзалы сүтін сауып пайдалану үшін біреуге сауын ешкі
беру»
, - дейді
(Бұхари, Хиба 35; Әбу Дәуіт, Зекет 42)
.
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, жүрегінің қатігездігін тілге
тиек етіп шағымданады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Жүрегіңнің жұмсаруын қаласаң, пақырды
тамақтандыр! Жетімнің басын сипа!»
, - деген өсиет айтады
(Ахмет II, 268,
387)
.
Аллаһ разылығының қандай амалда екендігі біліне бермейді. Ол
болмашы бір істе, яки орташа бір амалда, немесе үлкен амалда болуы
мүмкін. Сол себепті бір пақырды тамақтандыруды, шөлдегенге бір тостақ
су беруді болмашы іс деп санамау қажет. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) шөліркеген
жандарға су берудің сыйын төмендегі мына хадисі арқылы жеткізеді:
«Қиямет күні жәннаттықтар сап-сап болып тұрады. Сол шақта
тозақтық бір кісі, жәннаттықтардың біріне келіп: «Ей, пәленше! Есіңде
ме? Сен менен су сұрағансың. Сол кезде саған бір жұтым су берген едім
ғой», - дейді (яғни, осы әрекеті арқылы шапағат етуін сұрайды). Мүмин
(мәселесін кері қалдырмай) оған шапағат етеді»
(Ибн Мәжә, Әдеп 8)
.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзіне қарағанда көбінесе сахабаларының
жағдайын ойлайтын. Өйткені ол Құран Кәрімнің сипаттауы бойынша
«аса рақымды», «ерекше мейірімді» жан болатын. Сахабалар