Previous Page  191 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 462 Next Page
Page Background

(

191

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Бізбен, яғни мұсылмандармен бір рудың арасында келісілген келісім бар

болатын. Келісімнің мерзімі біткенде, әлгі ру кісілері Мәдинаға келіп

аяқ тіреді. Араларынан он екі кісіні жаңа келіссөз жүргізу үшін таңдап

алдық. Олардың әрбірінің жетегінде қанша кісі бар екендігін бір Аллаһ

біледі. Міне солардың барлығы, сол астан дәм татты»

(Бұхари, Мәуақит 41,

Мәнақиб, 25, Әдеп 87-88; Мүслим, Әшриба 176, 177)

.

***

Қарны аш жанды тойғызуымен қатар, жақсы тәлім-тәрбие беруді

көрсететін төмендегі мына риуаятқа назар аударайық.

Аббад ибн Шұрахбил (р.а.) былай деп әңгіме өрбітеді:

«Бір кездері пақырлық күйге түстім. Шыдай алмай Мәдинадағы

бақшалардың біріне түстім. Бидай басын үгітіп біраз жедім. Дорбама да

салып алдым. Сол сәтте бақша иесі келіп қалып, мені ұстап алды. Мені

біраз төмпештеп алып, Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) апарып шағым айтты.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бақ иесіне қарап: «Сауатсыз болып жүргенінде

тәлім бермедің. Аш болып жүргенінде тойғызбадың!» - деді.

Артынша маған бақша иесіне дорбаны беруімді әмір етті. Содан кейін

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған бір немесе жарты сағ (сағ – фиқхтағы өлшем

бірлігі. 1 сағ - 3,6 киллограмға тең келеді) азық-түлік берді»

(Әбу Дәуіт,

Жиһад 85/2620-2621; Нәсай, Құдат 21)

.

Кез келген мұсылман баласы, сауатсыз қараңғы адамға қолынан

келгенгше тәлім беріп, харамдардан сақтандыру қажет. Аштық немес

пақырлық кісіні шарасыз күйге түсіріп, харамға қол созуға итермелейді.

Сол себепті аштарды тамақтандыру аса игі іс. Сонымен қатар ондай

жандар қателік жасағанда, жылы сөйлеп ескерту жасау керек. Оларға

дұға етіп қойған да жөн.

Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі және жанұясы

қанша мұқтаж болса да, әуелі пақыр сахабаларын тойдыруды өмірінің

негізгі ұстанымы етіп алғантұғын. Хазірет Әли (р.а.) былай деп

әңгімелейді:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) жанұясының ішінде ең жақсы көретін

жаны, қызы Фатима (р.а.) еді. Диірмен тартқаннан қолында, меспен су

тасығаннанмойнындажарақаттар пайда болатын. Үйдің ішін сыпырамын

деп үсті-басы тозаңнан көрінбей қалатын. Бір күні Пайғамбарымызға

(с.а.у.) тұтқындар әкелінді. Фатимаға: «Әкеңе барып, өзіңе бір қызметші

сұрап алсаңшы», - дедім. Фатима әкесіне барды. Аллаһ Елшісінің

біреулермен сөйлесіп тұрғанын көріп, қайтып келді. Ертесіне Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) Фатимаға келіп: «Қызым қандай мұқтаждығың бар еді?» -

деп сұрады. Фатима тіс жарып, ешнәрсе айтпады. Мен араға түсіп: «Мен

түсіндірейін. Аллаһтың Елшісі», - деп жағдайды айтып бердім. Мұны