¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
192
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
естігенПайғамбарымыз (с.а.у.): «Ей,Фатима! Аллаһтанқорық. Аллаһтың
парыздарын өте. Төсекке жатқаныңда отыз үш мәрте «субханаллаһ»,
отыз үш мәрте «әл-хамду лилләһ», отыз төрт мәрте «Аллаһу акбар» деп
айт. Осылайша барлығыжүз болады. Бұлай істеуің сен үшін қызметшіден
қайырлы», - деді.
Фатима (р.а.): «Аллаһқа және Оның Елшісіне разымын», - деді. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) оған қызметші бермеді»
(Әбу Дәуіт, Хараж 19-20/2988)
.
Басқа бір риуаятта ғаламның мақтанышыПайғамбарымыздың (с.а.у.)
мына төмендегі сөздерді айтқаны да нақыл етіледі:
«Уаллаһи,Әһлус-суффа аштықтанқарындарына тасбайлапжүргенде,
менде оларға сарп ететін еш нәрсе таба алмай жүргенімде сендерге
қызметші бере алмаймын. Тұтқындарға төленген құнды Әһлус-суффаға
жұмсаймын»
(Ахмет I, 106)
.
***
Әнәс (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Өгей әкем Әбу Талха, анам Умму Сулайымға қарап: «Аллаһ
Елшісінің (с.а.у.) дауысы құлағыма өте әлсіз болып шалынды. Аш
жүргендігін білемін. Берер нәрсең бар ма?» - деп сұрады. Анам Умму
Сулайым: «Иә. Бар», - деп арпадан пісірілген бірнеше нанды көрсетті.
Кейін өзінің бір орамалын шығарып, оның бір шетіне әлгі бірнеше
нанды орап салып, киімімнің астына қойды. Орамалдың бір шетін беліме
байлап, мені Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) жіберді. Мен нанды апарып бердім.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мешітте жамағатпен бірге отыр екен. Мен де барып
олардың тұсына барып тұрдым.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маған қарап: «Сені Әбу Талха жіберді ме?» - деп
сұрады.
Мен: «Иә», - деп жауап бердім.
«Ас ішу үшін бе?» - деп сұрады.
Мен: «Иә», - деп жауап бердім.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жанындағыларға қарап: «Жүріңдер», - деді. Олар
оның соңынан еріп жүрді. Мен олардың алдына түсіп, Әбу Талхаға келіп
хабар бердім.
Мұны естіген Әбу Талха: «Ей, Умму Сулайым! Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
жамағатымен бірге біздің үйге келе жатыр екен. Ал біздің үйде оларды
тамақтандыратын ештеңе жоқ?» - деді.
Умму Сулайым: «Аллаһ және Оның Елшісі (бізден артық) біледі», -
деді. Әбу Талха дереу орнынан тұрып, Аллаһ Елшісін (с.а.у.) қарсы алды.
Ол Әбу Талхамен (р.а.) бірге үйге кірді. Артынша: «Уа, Умму Сулайым!