¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
198
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
XVIII ғасырда осман империясын көруге келген Пере Жехаммот
атты жазушы, өзінің естелігіне былай деп жазған еді:
«Түріктер лас деп танып, үйлеріне кіргізбейтін көше иттерінің аш
қалмауы, өліп қалмауы үшін күніге бұл хайуандарға ет таратылып
тұруын мирасқорларына өсиет етеді. Бұл іс үшін қасапшыларға арнайы
ақша бөлінеді».
108
***
Ұзын сөздің қысқасы аш жандарға ас беріп тойдыру ізгі іс. Аллаһ
Елшісі (с.а.у.):
«Ей, адамдар! Бір-біріңе сәлем беріңдер, ас жегізіңдер, ел
ұйықтап жатқанда намаз оқыңдар. Мұны жүзеге асырсаңдар аман-есен
жәннатқа кіресіңдер»
, - деп айтқан болатын
(Тирмизи, Атғима 45, Қиямет, 42;
ибн Мәжә, Иқамат 174, Атғима 1)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадис-шәріпте ас ішіліп, қонаққа
сый-құрмет көрсетілген үйде, жақсылық, молшылық, берекенің
болатындығын айтып өткен.
Шайтан адамды кедей боласың деп, жақсылық жасаудан жирендіруі
әбден мүмкін. Сондықтан кедейлер мен пақырларды ішіп-жегізу ісінде
шайтанның тұзағына түспеу керек.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Екі
кісінің тамағы үш кісіге, ал үш кісінің тамағы төрт кісіге жетеді»
(Бұхари,
Атғима 11, Мүслим, Әшриба 178)
.
«Бір кісінің тамағы екі кісіге, екі кісінің тамағы төрт кісіге, ал төрт
кісінің тамағы сегіз кісіге жетеді»
(Мүслим, Әшриба 179-181)
.
Сонымен қатар аш жандарды тамақтандыру тек адамдармен ғана
шектелмейді. Хадис-шәріптерге көз жүгіртсек, адам болсын яки
хайуан болсын аш әрі мұқтаждыққа тап болған кеудесінде жаны бар
күллі махлұқты тамақтандыру қажет. Бұл мұсылмандардың борышы.
Кез келген жерде аштықтан өлейін деп жатқан жандыны тойдыру
сол маңайдағы адамдарға парыз болып табылады. Өзі аштықтан өлім
тырнағына ілініп жатпаса, өзгені тойдыру ізгі іс қатарына кіреді.
ғ) Жаназаға қатысу, көңіл сұрапшығу
Ислам бауырластығының маңызды парыздарының бірі, көз жұмған
мұсылман баласын дұрыстап жерлеу және жанұясына көңіл айту болып
табылады.
108. Исмайл Хами Данишменд, Ески түр сежие ве ахлакы, Станбул 1982, 182-бет.