Previous Page  201 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 201 / 462 Next Page
Page Background

(

201

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жанның қол жеткізер сауабын үмбетіне тайға таңба басқандай анық етіп

көрсеткен.

***

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) жаназаға қатысатын. Аурудың көңілін сұрап

шығатын. Шақырылған жерге баратын. Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай

деп әңгімелейді:

«АллаһЕлшісі (с.а.у.)Мәдинағажаңаданкелгеншағындабіздіңбіріміз

өлімге бет алса, хабаршы жіберетінбіз. Ол келіп аурудың маңайында

болып, ол үшін истиғфар ететін (Аллаһтан кешірім сұрайтын). Аурудың

кеудесінен жаны шыққанда жанындағылармен бірге кері қайтатын.

Кейде марқұм көмілгенше күтіп отыратын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

мазасын алмайық дегенниетпен өзара сөйлесіп: «Ауруымыз көзжұмғанға

дейін Аллаһ Елшісіне естіртпелік. Қайтыс болғанда хабаршы жіберелік.

Осылайша ол шаршамайды әрі уақытын жоғалтпайды», - деген шешімге

келдік.

Шешімге қарай әрекет жасай бастадық. Ауруымыз көз жұмғанда

хабар жіберетін болдық. Ол келіп жаназа намазын оқып, марқұм үшін

истиғфар ететін. Кейін кері қайтатын. Бағзы уақытта марқұм көмілгенше

күтіп отыратын. Бұл үрдіс біраз уақытқа дейін жалғасты.

Кейін: «Уаллаһи! Бұлай етпелік. Мұнымызбен Аллаһ Елшісін

титықтатып жүрміз. Жаназамызды Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есігінің

алдына дейін апаралық. Сол жерде намазын оқысын. Бұл әрекетіміз оған

жеңілдік болады», - деген қарарға келдік. Жаңа қабылданған қарарға

қарай әрекет еттік. Хадисті нақыл еткен рауилердің бірі Мұхаммед

ибн Омар: «Осыдан бастап Аллаһ Елшісінің есігінің алды «жаназа

намазы оқылатын жер» мағынасына келетін «мусалла» болып аталды.

Жаназалардың барлығы сол жерге апарылатын. Бұл үрдіс Аллаһ

Елшісінің өлімінен кейін де жалғасты», - дейді

(Ибн Сағд I, 257; Хаким I,

519/1349)

.

***

Талха ибн Бара (р.а.) сырқаттанды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның

көңілін сұрап үйіне келді. Үйден шығып бара жатып: «Талхаға өлімнің

жақындағанын көріп тұрмын. Көз жұмса маған хабар беріңдер.

Марқұмды әзірлеуді, кебіндеуді тездетіңдер. Өйткені мұсылманның

денесін жанұясының қасында күттіріп қою дұрыс емес», - деді.

Көп уақыт өтпестен Талха қайтыс болды. Өлерінен бұрын: «Мені

дереу кебіндеп, Раббыма қауыштырыңдар. Хазірет Пайғамбарға (с.а.у.)

хабар бермеңдер. Өйткені бұл жерге келе жатқанында яһудилердің

оған зарар тигізуінен қорқамын. Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) қиыншылыққа

душар болуына себепкер болуды тілемеймін», - деді.