(
205
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
деді. Артынша аталмыш хадистің мән-жайын білмекші болып, Хаббабты
Хазірет Айшаға жіберіп: «Мынаны одан сұрап кел!» - деді.
Хаббаб орнынан тұрып кеткеннен кейін Абдулла жерден бір уыс
майда тас алды. Жүзінен ашу байқалып, қолындағы тастарды айналдыра
бастады.
Біраздан соң Хаббаб (р.а.) Айша анамыздан (р.а.): «Әбу Һұрайраның
айтқан сөзі рас. Мен де Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) солай деп айтқандығын
естіген едім!» - деген хабар жеткізді.
Көптеген сауаптан құр қалғандығын түйсінген Абдулла ибн Омар,
қолындағы тастарды лақтырып жіберіп: «Көптеген қырат жоғалттыңдар
десеңші!» - деп мұңын білдірді
(Мүслим, Жанайз 56)
.
***
Қасым ибн Мұхаммед (р.а.) былай деп әңгімесін айтады:
«Әйелім көз жұмды. Мұхаммед ибн Кағб әл-Құрази көңіл айтып
шығуға үйіме келді. Маған төмендегі мына уақиғаны айтып шықты.
Ертеде Исрайыл ұрпағынан шыққан ғалым, тақуа, қайратты кісі өмір
сүреді. Қатты сүйетін салиқалы әйелі болады. Бір күні сол әйелі қайтыс
болады. Ғалым әйелінің өліміне қатты қайғырады. Үйінен шықпай,
адамдармен қарым-қатынасты үзеді. Ешкіммен сөйлеспейтін күйге
жетеді. Исрайыл ұрпағынан шыққан бір әйел мұны естіген бетте, оған
барады.
Іштегілерге: «Оған қояр бір сауалым бар. Пәтуа сұраймын. Жеке
кездесуім керек», - дейді. Адамдар тысқа шығып кетті. Әйел есіктің
аузында тұрып қалып, міндетті түрде онымен кездесуі керектігін
қайталады. Адамдардың бірі ғалымға барып: «Есіктің аузында бір әйел
тұр. Сенен пәтуа сұрағысы келеді. Кетпей тұр», - деп хабар береді. Ғалым
әйелдің кіруіне рұқсат береді.
Әйел ғалымға қарап: «Сенен сұрағым келген бір мәселе бар», - деп
сөзге бастайды.
Ғалым: «Қандай мәселе?!» - деп сұрайды.
Әйел: «Мен көрші бір әйелден білезік алған едім. Оны біраз уақыт
тағып жүрдім. Жақында менің білезікті қайтаруымды өтініпті. Қалай
ойлайсың, оған білезікті қайтарып беруім керек пе?» - деді.
Ғалым: «Иә. Уаллаһи қайтарып беруің керек», - деді.
Әйел: «Ол білезік көп уақыт менде қалды ғой (етім үйреніп, жақсы
көріп кеттім)», - деді.
Ғалым: «Енді қайтпексің! Сен оны аманат ретінде алғандығың үшін
әйелдің сенен кері қайта алуына құқығы бар», - дейді.