¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
208
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жүректерімізде иман келтіргендерге қарсы кек қалдырма! Күдіксіз
Сен аса мейірімді, ерекше рақымдысың»
(Хашыр сүресі, 10-аят)
.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) хадистерінде былай дейді:
«Бақилық болғаннан соң, құлдың дәрежесі өседі. Құл (аң-таң болып):
«Уа, Раббым! Бұл сауап маған қайдан келді?» - деп сұрайды.
Хақ Тағала: «(Артыңда қалған) салих ұлың саған истиғфар етті, дұға
жасады», - деп жауап береді»
(Ибн Мәжә, Әдеп 1; Ахмет II, 509)
.
«Кез-келген кісі көзжұмғанда, үшамалынан өзге амалдарының барлығы
тоқтап қалады. (Олар) садақа-жария, пайдалы білім және өзіне дұға
жасайтын салих перзент»
(Мүслим, Уасая 14)
.
Сағд ибн Ғұбада (р.а.) түзде жүргенде анасы қайтыс болады. (Аллаһ
Елшісіне келіп (с.а.у.)) оның атынан садақа берсе, оған пайдасының тиіп-
тимейтіндігін сұрайды.
Аллаһ Елшісінің: «Иә, тиеді», - деген жауабын ести салысымен,
иелігіндегі жеміс бағын анасының атынан инфақ етеді (напақа қып
таратып жібереді).
Абдуррахман ибн Әбу Амраның дегеніне сүйенсек, анасы бір құл азат
етуге бел байлаған болатын. Бұл істі ертеңгі күнге қалдырады. Бірақ
анасы сол түні көз жұмады. Абдуррахман Қасым ибн Мұхаммедке келіп:
«Мен анамның орнына құл азат етсем, анама пайдасы тие ме?» - деп
сұрайды.
Қасым: «Сағд ибн Ғұбада (р.а.) Аллаһ Елшісіне келіп: «Анам бақилық
болды. Оның атына бір құл азат етсем, пайдасы тие ме?» - деп сұрайды.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә, (тиеді)», - деп жауап берген еді», - дейді
(Муатта, Ғитқ 14)
.
Әбу Бәкірдің (р.а.) ұлы Абдуррахман ұйықтап жатып сол күйі
бақилық болады. Айша анамыз (р.а.), осы бауырының атынан көптеген
құлды азат етеді
(Муатта, Ғитқ, 14)
.
Ибн Аббас (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Бір кісі Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Анам
қайтыс болған еді. Ұстамаған бір айлық қаза оразасы бар болатын. Оның
атынан сол оразаны өтесем бола ма?» - деп сұрады.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Анаңның қарызы болса, өтемес пе едің?» - деп
сауал қойды.
Ол: «Иә, өтер едім!» - деп жауап берді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Аллаһқа деген қарыз, өтелетін барша істен
лайық (бұрын тұрады)», - деді
(Мүслим, Сиям 155).