Previous Page  214 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 214 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

214

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ал егер кімде-кім жамандық жасауға ниеттеніп, оны жүзеге асырса

Хақ Тағала ол жамандықты тек бір күнә ретінде жазады»

(Бұхари, Риқақ

31; Мүслим, Иман 207, 259; Тирмизи, Тәпсір 6/3073)

.

Жақсылықжасаудажарысуәрі оныжүзеге асыруға асығукәмілмүмин

болудың белгісі. Хазірет Мәулана нендей керемет айтқан десеңізші!

«Құлшылықтардың қабыл болуының белгілері, ол құлшылықтардан өзге

құлшылықтарға кірісу, бір-бірінің соңынан жақсылықтарға құлшыну

болып табылады».

Мүминнің ешқашанжақсылықжасауға тоймайтындығынжадымызда

тұтуымыз ләзім. Сонымен қатар бір жақсылықтың құндылығы,

кешіктірілмей уақытында жасалуында екенін де ұмытпауымыз қажет.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Ұқба ибн Харис былай деп әңгімілейді:

«Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұйып екінті намазын оқыған едім. Аллаһ

Елшісі сәлем беріп намазды тәмамдағаннан кейін, дереу орнынан тұрып

кетті. Саптарды жарып өтіп, әйелдерінің бөлмелеріне қарай бет алды.

Жамағат Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл әрекетін түсінбей, абыржып

қалды. Аз уақыттан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтып келді. Жасаған

әрекетіне таңданып қалған сахабаларына қарап: «Бөлмемізде азғантай

алтын мен күміс бар екендігі есіме түсіп кетті. Маған жақсылық жасауға

кедергі болмасын деп дереу таратуды әмір еттім», - деді

(Бұхари, Азан 158,

әл-Амал фис-салати 18; Нәсай, Сәһу 104)

.

Бұхаридің өзге риуаятында болса:

«Бөлмеде садақа (ретінде таратылатын) алтын немесе күміс тастап

кеткен едім. Оның түнде үйде қалуын жөн көрмедім» делінген.

Әрбір жақсылық жасауды нығмет деп біліп, дереу жүзеге асыру керек.

Кейінге қалдырылған жақсылық пен игілікті іске асыру үшін көптеген

кедергілер шығуы әбден мүмкін. Өйткені игілікті кейінге қалдырғандар

жайлы: «Ертең жасаймын дегендер, күйреп жоқ болды» деген ұлағатты

сөз қалған».

Әбу Масғұд әл-Ансари былай деп сөз өрбітеді:

Аллаһтың Елшісіне (с.а.у.) бір кісі келіп: «Астымда мініп жүрген

көлігім өліп қалды. Маған мінетұғын көлік тауып берші», - деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Менің сағанберер көлігімжоқ. Бірақпәленшеге

баршы. Сол саған жәрдем етіп қалар», - деді. Сахаба әлгі аталмыш кісіге

барды. Ол оған көлік тауып берді. Сахаба қайтып Пайғамбарымызға

(с.а.у.) келіп, мән-жайға қанық етті. Он сегіз мың ғаламның мақтанышы

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бір жақсылыққа жол нұсқаған, оны жасаған