Previous Page  219 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 219 / 462 Next Page
Page Background

(

219

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

тоймайды. Өйткені Хижр сүресінде:

«Сағанөлімкелгенге дейінРаббыңа

құлшылық қыл»

, - делінген.

6. Басшылық қызметтерде жауапкершілік сезімі

Қоғамда жүйесіздік, бүлік, қайшылық, анархия орнамауыүшін белгілі

бір жүйе болуы қажет. Әрі осы жүйеге еңбектеген баладан, қолына таяқ

ұстаған қарияларға дейін бағынуы тиіс. Бұл іс, тек бір лидердің саясында

жүзеге асады. Сол себепті Аллаһ Елшісі (с.а.у.) сапар шеккен үш кісіге,

тіпті азғана кісіден құралған қоғамда араларынан біреуді басшы етіп

таңдауларын өсиет етеді.

Ол бір хадис-шәріпінде:

«Дүниенің қиыр ұшында болса да, үш кісінің

араларынан біреуді әмір етіп тағайындамастан ғұмыр кешулері дұрыс

болмайды»

, - дейді

(Ахмед II, 177)

.

Мінеосындаймаңыздылығыбарбасшылық,өтеүлкенжауапкершілікті

қажет етеді. Сонымен қатар басшылық, Хақ Тағаланың аманаты болып

табылады. Басшылықты тек қабілетті және осы қызметке лайық жандар

ғана атқара алады. Ал егер бұл істің мүддесінен шыға алмайтын біреу

басшылық етсе, қиямет күні пұшайман болады. Қорлық пен азаптың

зардабын тартады.

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.у.) басшылық қызмет

жайлы былай дейді:

«Аллаһ Тағала адамдарға билеуші еткен кісі, оларға (адамдарға) шын

ықыласымен қарайласпаса, пейіштің иісіне де қол жеткізе алмайды»

(Бұхари, Ахкам 8)

.

«Хақ Тағала, басшы еткен кісі, қол астындағыларды алдаумен көз

жұмса, Аллаһ Тағала оған жәннатты көрсетпейді»

(Бұхари, Ахкам 8; Мүслим,

Иман 227-228, Имара 21)

.

«Мұсылмандардың істерін атқаруды (өз мойнына) алып, олар үшін

еңбектенбеген ешбір басшы, олармен бірге жәннатқа кіре алмайды»

(Мүслим, Иман 229, Имара 22)

.

Рухани тәрбиеден мақұрым кісі, атақ, даңққа құмар болады.

Мұсылманшылық, кісіні лайықболмасабасшылықтанқашуғаөсиететеді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.):

«Сендер адамдардың бойынан металдар (секілді

алуан түрлі құрылысы бар екендігін) байқайсыңдар. Олардың жаһилия

(қарабайыр қараңғы) дәуірінде құнды болғандары, діни үкімдерді дұрыс

түсінсе, ислам дәуірінде де қайырлы, құнды болады. Сендер ең жақсы

адамдардың, басшылықтан қашатын адамдар екендігін көресіңдер.

Сонымен қатар сендер, ең жаман адамдардың екі жүзді адамдар екендігін

көресіңдер. Олар бәз біреудің жүзіне бір шыраймен, ал өзге біреудің жүзіне