Previous Page  223 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 223 / 462 Next Page
Page Background

(

223

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

«Бойын ашкөздік жайлаған жандарға қызмет берме! Олардың

мемлекеттің жүйесін бұзатындығынан шүбәң болмасын».

«Өз пайдаңды ойлама! Халықтың пайдасын ойла! Сенің пайдаң, сол

халықтың пайдасының ішінде болады. Мұны ұмытпағайсың!».

«Патша, халық үшін үлкен бақыт көзі. Халық бақытты болуы тиіс.

Бақытты болуы үшін халықтың қарны тою қажет».

«Халықтың тыныштығы мен рақатын қамтамасыз ететін жүйе құр!

Халықтың ақ батасын аласың».

«Байлардың жүгін, орташа жағдайдағы жандарға жүктеме! Бұлай

әрекет етпесең, халі орташа жандардың түбіне жетесің. Сонымен қатар

халі орташа жандардың жүгін пақырларға жүктеме! Пақырларды қырып

жібересің. Пақырлардың халі жақсарып, жағдайы орташа жандарға жетіп

жатса, халі орташа жандар бай болады. Жағдайы орташа жандар байып

жатса, мемлекет бай болады».

«Уәзірлік пен қолбасшылық қызметтері аса маңызды. Өйткені

бұлардың бірі қылыш, ал екіншісі қалам ұстайды. Мемлекетті жеңіп

алған қылышпен алды. Мемлекетті сақтап қалған да қалам арқылы

сақтап қалды. Кез келген мемлекетті жаулап алу оңай. Алайда қалам

болмаса, қолда ұстау қиын».

«Қолбасшы мақтаншақ (тәкаппар) біреу болса, міндетті түрде

дұшпаннан таяқ жейді. Мақтаншақ адам енжарлық көрсетеді. Ал енжар

адам бұзылып кетеді. Яки күтпеген жерден өліп кетеді».

«Уа, мемлекеттің билеушісі! Сен сарай салдыруға әуестенбе! Қара

топырақтың астында жатар жерің дайын. Көкпен таласқан сарайларың

осы дүниеде қалып қояды. Ал сен қараңғы көрге кіресің!».

«Уа, билеуші! Өзіңді алдап, қазіргі рақатыңа сенбе! Өйткені мұндай

хал, сені ғапылдыққа итермелейді. Қымбат маталарға оранған денең,

ертеңгі күні қара топыраққа оранады. Ойнақтаған сәйгүлігіңнен түсіп,

бейшара күйге еніп ер-тоқымсыз ағашқа мінесің!».

Қысқасы, басшы кісі барша жақсы қасиетті бойына жинауға күш

салуы қажет. Сараңдықтан қашып, қолы ашық болуы тиіс. Өйткені

сараң бұл дүниеде пақыр болып өмір сүргенімен, ақыретте байлардың

қатарынан табылып, есепке тартылады. Басшы қатігездік, безбүйректік

секілді жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тырысуы ләзім. Халықтың

көңілін таба білетін, жағымды қасиеттерді бойына жинаған абзал жан

болуы керек.