Previous Page  224 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 224 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

224

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Хұзайфа (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір күні Хазірет Омарға бардым. Үйінде кереуеттің үстінде өз-өзімен

сөйлесіп, мұңайып отырғанын көрдім. Жанына барып: «Уа, мүминдердің

әміршісі! Сеніңжаныңа батқан не нәрсе?» - дедім. «Мынау», - деп қолына

ишарат етті. Биліктің басында жүріп жаңылыс бір әрекет жасаудан

қорқатындығын білдірмекші болды.

«Осы ма жаныңа батып жүрген нәрсе. Уаллаһи, қате әрекет жасасаң

сені түзейміз», - дедім.

«Өзінен өзге тәңір болмаған Аллаһ үшін, мен жаңылыс әрекет

жасасам шынымен-ақ мені түзейсіңдер ме?» - деп сұрады.

Мен: «Өзінен өзге тәңір болмаған Аллаһ үшін, сенің жаңылыс әрекет

жасағаныңды көрсек, міндетті түрде түзейміз», - деп жауап бердім.

Бұл сөзіме қатты қуанып: «Мен жаңылыс әрекет жасағанымда,

сендердің араларыңнан, Мұхаммедтің (с.а.у.) сахабаларының арасынан

мені түзейтін адамдар жаратқан Аллаһқа мадақ болсын», - деді

(Ибн Әби

Шайба, Мусаннаф VIII, 154)

.

Мүминдердің әміршісі Хазірет Омар (р.а.) «Менің ең жақсы көретін

адамым, маған айып пен кемшіліктерімді айтатын жан», - дейтұғын»

(Суюти, Тарихул-Хулафа 130-бет)

.

***

Хазірет Омар (р.а.) адамдарға бір нәрсені әмір еткенде яки тыйым

салғанда әуелі өз жанұясынан бастайтын. Жанұя мүшелерін бір жерге

жинап: «Мынадай мынадай нәрселерге тыйым салдым. Адамдар сендерді

жыртқыш құстың етті аңдығаны секілді аңдып жүр. Сендер мына тыйым

салған нәрселерді бұзсаңдар, олар да бұзады. Ал егер қорқып аулақ

болсаңдар, оларда аулақ болады. Аллаһтың атымен ант етейін кез-келген

біреуің бұл тыйым салған нәрселерді бұзса, маған туыс болғандығы үшін

оны ел-жұрттан артық жазалаймын. Ал енді бұзғысы келген бұзсын.

Қаламаған аулақ тұрсын», - дейтұғын

(Ибн әл-Жаузи, Мәнақиб 206-бет)

.

***

Хазірет Омар (р.а.) қол астындағы жандардың халін күндіз-түні

бақылап, тап болған қиыншылықтарын шешумен айналысатын. Бір күні

түнде мұсылмандардың ахуалын білмекші болып үйінен шыққан еді.

Мәдинаның сыртында матасы қылдан, құрылған шатырды көрді. Бұл

шатыр бір күн бұрын жоқ болатын. Демек жаңадан құрылған. Шатырға

жақындап келгенде ішінен қиналып, ыңырсып жатқан әйелдің дауысын

естіді. Тағы да жақындай түскенде, қолымен тізесін құшақтап жерде

отырған бір кісіні байқады. Сәлем беріп: «Сен кімсің?» - деп сұрады.