Previous Page  229 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 229 / 462 Next Page
Page Background

(

229

¥ÛÇÌÅÒ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қарайтын. Осындай ұлы сезімге бөленген халифаның халін, әйелі

Фатима былай деп жеткізеді.

«Бір күні Абдулазиздің бөлмесіне кірдім. Күнделікті намаз оқитын

жерінде, қолын маңдайына қойып жылап отыр екен. Көзінің жасы бетін

малмандай су етіпті. Мен оған: «Мына халіңіз не?» - деп сұрадым.

Маған қарап былай деп жауап берді:

«Ей, Фатима! Бұл үмбеттің жүгі менің мойнымда. Үмбеттің аш-

жалаңаш жандары, пақырлары, сырқаттары, жесірлері, мазлұмдары,

басқа елге тұтқын болғандары, жасы ұлғайған қарттары, көп балалы

мұқтаждары, менің жанымды жегідей жеп, тыныштық бермейді. Алыс

яки жақын аймақтардағы мұсылман бауырларымды ойласам, жүрегім

езіліп кетеді. Махшар күні Раббым, менен олар жайлы сұраса, Аллаһ

Елшісі (с.а.у.) олар үшін мені айыптаса қайтпекпін? Қалай жауап

бермекпін?»

(Ибн Кәсир, әл-Бидая IX, 208)

.

Фатима сөзін былай деп жалғастырады:

«Оның жасайтын құлшылығы сендердікіндей ғана болатын. Алайда

кешке төсекке жатқанда қияметтегі есеп пен Аллаһтың азабын ойлағанда

жүрегі дүрсілдеп соғатын. Суға түсіп кеткен немесе алақан ішінде

қалып қойған құс тәрізді жанталасатын. Мен, оның бұл халіне шыдай

алмай, үстіне көрпе жабатынмын. Ішімнен: «Шіркін, осы басшылық

бізге берілмесе қандай жақсы болар еді. Шіркін, осы қызмет пен біздің

арамыздағы қашықтық, күн мен жердің арасындағы қашықтықтай

болғанда ғой», - деуші едім.

***

Хазірет шейх Адабалының Осман Ғазиға айтқан төмендегі мына

өсиеті барша басшы қызметтегі жандарға үлгі болса керек:

«Уа, ұлым! Көсемсің! Бұдан былай ашу біздікі, момындық сенікі!

Ренжу біздікі, көңіл қалдырмау сенікі! Кінә арту біздікі, сабыр ету

сенікі! Дәрменсіздік, қателесу біздікі, хош көру сенікі! Талас-тартыс,

келіспеушілік біздікі, әділет сенікі! Жаман көз, жаман ауыз, бұрыс

жорамал біздікі, кешіру сенікі!

Уа, ұлым! Бұдан былай бөліну біздікі, біріктіру сенікі! Еріншектік

біздікі, ескерту, жігерлендіру, түзету сенікі!

Уа, ұлым! Жүгің ауыр, ісің қиын! Күш-қайратың қылға байлаулы.

Аллаһ Тағала саған жар болсын! Көсемдігіңді берекелі етсін! Хақ Тағала

жолына пайдалы етсін! Шам-шырағыңды жарқыратсын! Жүгіңді

таситын күш-қайрат, аяғыңды шалмайтын ақыл менен жүрек нәсіп

етсін! Сен және достарың қылыш арқылы, ал біз секілді дәруіштер ой,

дұға арқылы уәде етілген игіліктің алдын ашайық!