(
235
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Өйткені ол, өз қол астында жұмыс істейтін әрбір қызметкерге жауапты
болу дегенге саяды. Сол себепті басшы болу соншалықты қызығарлық
қызмет емес. Алайда басқаруға лайық бір кісі табылып, өзгесі сай келмесе
жауапкершіліктен қашпай қызметіне кірісуі керек. Міне осылай болса
ғана, Аллаһ оның жәрдемшісі болады.
Басшы қызметтегілер істерінің жемісті болуын қаласа, әрдайым
өлімді және ақыретті ойлап жүрулері ләзім.
Сонымен қатар Фудайыл ибн Ғиядтың Харун Рашидқа айтқан мына
өсиетін жадынан шығармауы тиіс:
«Қиямет күнінде Аллаһ пен Оның құлдарының арасында тек сен
боласың. Ол күні әрбір кісі өз есебімен әурешілікке түседі. Ал сен барша
үмбеттің есебін бересің»
(Әбу Нұғайым, Хиля VI, 380; Бәйхақи, Шұғаб VI, 35)
.
Хазірет Омар (р.а.) қара қылды қақ жарар әділдігімен басшылық
еткенімен, бақилық боларда бұл ісінен сауап күтпейтіндігін тілге тиек
еткен болатын. Ол әрдайым осы қызмет барысында жасаған игі істерінің
қателіктеріментеңтүсуінтілейтін.Әділдігінайтып, мадақтағанжандарға:
«Осы қызмет жайлы есепке тартылмасам болды. Сол маған жеткілікті.
Сауап күтпеймін», - дейтұғын. Оның бұл сөздері, басшы болудың һәм
ауыр жауапкершілігін һәм ғажап ислами тұлғасы екендігін көрсетеді.
7. Күллі махлұқат атаулыға Жаратушының наза-
рымен қарау
Күллі жаратылысқа жаратушының көзімен қарап, мәміле жасау
рухани тұрғыдан кемелденгенде пайда болатын игі қасиет болып
табылады. Ол, ойға шому, зікір тәрізді абзал істерді әрдайым істеу
арқылы туады. Өйткені иләһи махаббатты жете түсінгендер ғана, барша
махлұқатқа мейірім көзімен қарайды. Яғни, күллі махлұқат атаулыға
жаратушының көзімен қарап, мәміле жасау қабілетіне қол жеткізеді.
Сонымен қатар бұл қасиет, қабілет Аллаһ Тағаланың сипаттарына
еліктеуден туындайды. Мұсылманның бойында рақымдылық,
мейірімділік, кешірімшілдік іспетті ізгі қасиеттер орнығып күллі
жаратылысқа игілік жасайды. Мысалы, адам баласын Аллаһтың жер
жүзіндегі халифасы ретінде таниды.
126
Нендей күнәһар болса да, теріс
айналып кетпей қолдан келген көмегін аяп қалмайды.
Жүніс Әміренің айтқаны секілді:
«Жаратушы үшін, (күллі) жаратылысты жақсы көр» деген түсінікпен
әрекет етеді. Тура жолға түсіп, иман нұрына бөленуін тілейді. Мұны
жүзеге асыру үшін барша мүмкіндікті жасайды.
126. Хижр сүресі, 29-аят.