¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
(
236
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Міне осы әдіс өте берекелі. Оған қоса адамның бойындағы игі
қаситтерді жандандыра түседі.
Тасаууфтың негізі болып табылатын «күллі махлұқат атаулыға
Жаратушының назарымен қарап, мәміле жасау» көптеген қиын сәттерде
өз жемісін беріп келді.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Бәдірге мұсылмандар мен мүшріктер келіп аяқ тіреді. Аллаһ Елшісі
(с.а.у.) мүшріктермен соғыспастан келіссөз жүргізуге елшілерін жіберуге
бел байлапжатқан еді. Дәл сол сәтте бір топмүшріктер олардың арасында
Хаким ибн Хизам да бар мұсылмандардың құдығынан су ішуге келді.
Мұсылмандар оларға кедергі болмақшы болды. Алайда Пайғамбарымыз
(с.а.у.): «Кедергі болмаңдар! Ішсін!» - деді. Мүшріктер жапырылып келіп,
суға бас қойды. Сол су ішкендерден тек Хаким ғана, Бәдір соғысынан
тірі қалды. Ол кейінірек мұсылмандықты қабыл етті.
Сол Хаким, кез келген сәтте сөзін ант етумен растағысы келсе: «Жоқ!
Мені Бәдірде өлімінен аман сақтап, иман нұрына бөлеген Аллаһтың
атымен ант етейін», - деп сөз бастайтын (Ибн Хишам II, 261).
Хаким ибн Хизам Хадиша анамыздың (р.а.) туысы болатын. Жомарт,
рақымды, игі іс істеуді жаны сүйетін жан еді. Ислам діні келместен
бұрынғы қарабайыр қараңғы дәуірде қыздарын тірідей көмгісі келген
кісілерден қыздарын сатып алып, өмір сүрулеріне қолғабыс көрсетіп,
қамқорлық ететін.
МұсылмандықтықабылеткенненкейінбіркүніАллаһЕлшісіне(с.а.у.)
келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Жаһилия (ислам діні келместен бұрынғы
қарабайыр қараңғы) дәуірінде жасаған көптеген игіліктерім бар. Садақа
беру, құл азат ету, туыстық қатынасты үзбеу тәрізді. Осылардан маған
сауап беріле ме?» - деп сұрады.
Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сен сол бұрынғы
жасаған игіліктеріңнің арқасында мұсылманшылықты қабыл еттің», -
деді
(Бұхари, Зекет 24, Буюуғ 100, Ғитқ 12, Әдеп 16; Мүслим, Иман 194-196)
.
Жоғарыда айтылып өткен уақиғада Аллаһ Елшісі (с.а.у.) соғысуға
келген дұшпандарына су ішуіне рұқсат беру арқылы, бізге керемет ахлақ
үлгісін тәлім етті. Міне осы тәрізді іс-әрекеттер қатігез жүректегі мұздың
еруіне себеп болып, имандылыққа бет бұруына септігін тигізеді. Өйткені
күллі жаратылысқа Жаратушының назарымен қарап, мәміле жасаудан
туатын кең рақымдылық саясында көптеген өлі жүректер хақиқии
өмірге қауышады. «Сені өлтіруге келген дұшпан, сені көріп тірілсін», -
деген ұлылардың сөзі іске асады.