Previous Page  234 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 234 / 462 Next Page
Page Background

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

(

234

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

мал шаруашылығы, диқаншылықпен айналысып, өздеріне демалуды,

тынығуды мақұрым етеді. Тапқан табысымен бізді тойғызады».

***

Басқарушы халықты бағалап, ақыларын беруі керек. Қануни Сұлтан

Сүлейман бір күні мәжілісте былай сұрақ қойды:

– Әлемнің жарылқаушысы кім? Ол жердегілердің бәрі бір ауыздан:

– Әрине осы өлкенің қожайыны Хазірет Сұлтанымыз, - десті.

Олардан алған жауабы патшаның көңілінен шықпады, ол жауапты

қабыл етпей былай деді: «Негізінде жарылқаушы халық қой. Егін

егіп бау-бақшамен айналысып жүруге тырысып жүргенде өздеріне

тыныштық пен демалысты харам етеді. Тапқан нығметтерімен біздерді

тамақпен қамтамасыз етеді».

125

***

Сұлтан I Абдулхамит хан «Өзі» бекінісінен айрылғанда:

«Жауын-

герлерім мен күнәсіз халқымның талқаны шықты-ау»

, - деп қатты

қайғырды. Олардың қасіретін ойлап, мұңға батты. Бұл қайғыға шыдай

алмағандықтан, көп ұзамай көз жұмды.

Мінекейжер-жиһан сұлтанына жүрегіне «уһ» дегізгенжауапкершілік

сезімі.

***

Бір кісі бір ат сатып алған еді. Аттың жасы екіде, семіз, ширақ жануар

болатын. Соған қарамастан үш күн ішінде өліп қалды. Кісі атты сатқан

жанның маған бір дұшпандығы болып, улап өлтірді-ау деген күмәнға

түсті. Үш күн қатарынан сот мекемесіне барып, қазыны таба алмады.

Уақыт өткізбестен аттың неден өлгендігін білу үшін, мал дәрігеріне

атты сүйреп апарды. Мал дәрігерінің айтқандары күмәнын растай

түсті. Біраз уақыт өткеннен кейін сот мекемесіне қайта соқты. Қазыны

өз орнында тауып, мәселені баяндады. Қазы: «Неге әуелі маған келмей,

мал дәрігеріне бардың? Дереу маған келгеніңде істің ізін суытпай, шешіп

жіберер едік», - деді. Шағымданушы кісі: «Мырзам! Бірнеше күн болды,

тіпті қатарынан үш күн келдім. Бірақ сіз орныңызда болмадыңыз (жоқ

едіңіз)», - деді. Мұны естіген қазы: «Иә, айтып тұрғаның рас. Сен келген

күндері мен жоқ едім. Өз жұртымда болатынмын. Шешем көз жұмған

еді», - деді. Артынша сәл ойға шомып, хатшысына бұрылып: «Мәселе

түсінікті болды. Жаз хатшы! Өз қызметінде уақытында болмағандығы

үшін, айыпты қазы өтейді деп жаз», - деді.

Ұзын сөздің қысқасы, басшы болу екі жүзді пышақты ұстағанмен тең.

125. Дефтердар Сары Мехмед Паша, Нәсайхул Уәзара уәл Умәра, Станбул 1987, 95-бет.