(
239
¥ÛÇÌÅÒ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
күнәһар, адасушылықта болуын тілейді, күпірлікке итермелейді демек.
Жолдасын «тәкфир» етуді қалаған жан, одан бұрын күпірлікке түседі»,
- деді.
128
***
Бір күні Хазірет Мәулана шәкірттерімен сұқбатасып отырғанда
бір мас кісі «дәргаһқа» кіріп келеді. Дәруіштер оған ұрсып ренжітеді.
Артынша сыртқа шығарып тастауға әрекет жасайды. Хазірет Мәулана
мас кісінің дәргаһқа ақиқатты іздеп келгендігін ойлап: «Шарапты ол
ішкен екен. Ал мас болған сендер екенсіңдер», - деп шәкірттеріне ескерту
жасады.
Міне осы уақиға жаратушының назарымен жаратылысқа қараудың
көзге көрінерлік мысалы болып табылады. Мұсылманның міндеті
күнәһар пендені сол күйінде тәрк ету емес, қолынан ұстап пәк ғұмыр
кешуге жетектеу бауырлар!
***
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, мұсылмандардың
мақсаты Аллаһ Тағала сүйетін күнә атаулыдан аулақ пәк ғұмыр кешу.
Сонымен қатар, барша адамзат баласына тура жолды табуына жәрдемші
болу. Осы мақсатты іске асыру үшін қолданар ең дұрыс әдіс, күллі
жаратылысқа Жаратушының назарымен қарап, мәміле жасау болып
табылады.
Жаратушының көзімен жаратылысқа қарап, мәміле жасалғанда,
адамдардың машаққаттарына шыдау, төтеп беру жеңілдей түседі.
Рақымдылық, мейірімділік, кешірімшілдік артады.
Аллаһ Тағаланың адамды қалай сүйетіндігін ойлаңызшы. Оған
көптеген игіліктер жасайды. Күнәларын кешіреді. Жәннатқа кіруін
қалайды. Міне осындай қасиетті бойына сіңірген мұсылман да адамдарға
кешірім көзімен қарайды. Мұқтаждықтарын өтеуге күш салады. Тура
жолға түсіп, екі дүниенің бақытына қол жеткізуін тілейді. Өзімшілдік
қасиеттен аулақ болады. Баршаның бақытты болуын тілеп, ғұмыр
кешеді.
128. Ибн Бәззази, Мәнақиби Имами Ағзам І, 121; Мұхаммед Әбу Заһра, Имам Әбу Ханифа,
ауд.Осман Кескиоғлы, Коня 1959, 29-бет.