(
244
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
зып қалған. Сондықтан әуелі исламды дұрыс ұғыну, әрі оны күнделікті
өмірде іс жүзінде қолдану үшін діннің мәмілеге қатысты қағидаларын
үйрену үлкен рөл атқарады.
Сәті түсіп отырғанда мәміленің маңыздылығын және бағзы
қағидаларын қадірлі оқырманға тарту етеміз.
Ислам діні мәмілеге үлкен мән берген. Адамдар арасындағы қарым-
қатынасты бірнеше негізгі қағидалар қою арқылы күллі істерін, барша
әрекеттерін бір жүйеге келтірген. Мұсылман жеке ислам шарттары-
на негіздеп өмір сүруі қажет. Сондай-ақ әлеуметтік өмірін, яғни өзге
адамдармен жасайтын мәмілесінде де Аллаһтың әмірлеріне сай пішінде
жүйелендіруі қажет. Яғни исламды өмірінің әрбір бөлігінде қолдануы
ләзім. Мұндай деңгейге қол жеткізбеген жан, салих мүминдердің
қатарына жатпайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Нашар мәміле жасаушы
жәннатқа кіре алмайды»
, - деген.
Хазірет Омар (р.а.): «Бір кісінің оқыған намазына, тұтқан оразасына
назар аудармаңдар. Сөйлегендешындықтысөйлейме, өзіне бірнәрсе ама-
нат етілгенде аманатына қиянат жасамай ма, дүниенің соңында жүргенде
адал-арам екендігіне қарай ма, әуелі соған назар аударыңыздар»
(Бәйһақи,
әс-Сунанул-Кубра VI, 288; Шұғаб IV, 230, 326)
.
БіркісіХазіретОмардың(р.а.) құзырындабіреудіжер-көкке сиғызбай
мақтап жатыр еді. Омар оған қарап:
– Онымен сапарға шықтың ба?
– Жоқ.
– Онымен сауда-саттық секілді әлеуметтік мәмілең болды ма?
– Жоқ.
– Онда ең болмаса азаннан кешке дейін онымен көрші болдың ба?
– Жоқ. Омар:
–Өзіненөзге тәңірболмағанАллаһқа ант етемін, сенонытанымайсың,
- деген болатын.
130
Демек адамның хақиқи кісілігі әлеуметтік мәмілерде көрінеді.
Кез келген мұсылман баласының рухани деңгейі жеке өмірі мен
әлеуметтік мәмілелерінің дұрыс болуы арқылы өз кәмілдігіне жетпек.
Мәміле делінгенде адамдар арасындағы қарым-қатынаста әділеттілік,
кешірімділік, құл ақысын жемеу, жәрдемдесу қысқасы өте әдепті болуға
қатысты бірнеше қағида ойға келеді. Олардың кейбіреулеріне тоқталып
өтелік.
130. Ғазали, Ихиа-улимид-дин, Беирут 1990, III 312.