Previous Page  247 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 247 / 462 Next Page
Page Background

(

247

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ең әділі) болған Хақ Тағаланың құзырында шарасыздықтан басын иіп,

есеп беруге мәжбүр болады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл жайлы үмбетіне былай деп ескерту жасай-

ды.

«Кімде-кімнің мойнында дін бауырының ары, намысы және мүлкіне

қатысты қандай-да бір ақысы болса, алтын мен күміс жоқ етілетін

қиямет күні келмес бұрын онымен адалдассын! Олай болмаған күнде

өзінің салих амалдарынан жасаған зұлымдығының мөлшеріндей сауап

алынады (Ақысы болғанға беріледі). Ал егер жасаған жақсылықтары жоқ

болса, зұлымдық жасаған бауырының күнәлары оған жүктеледі»

(Бұхари,

Мазалим 10, Риқақ 48)

.

«Зұлымдыққа ұшырағанның қарғысынан өте сақ болыңдар! Өйткені

оның қарғысы мен Аллаһтың арасында перде болмайды»

(Бұхари, Зекет 41,

63, Мағази 60, Таухид 1; Мүслим, Иман 29, 31)

.

Әйгілі хазірет Мәулана әділдік пен зұлымдықты былай деп

суреттейді:

«Әділет деген не? Жеміс ағаштарын суғару! Ал зұлымдық деген не?

Тікендерді суғару».

«Әділетті білмеген адам, бөлтірікті емізген ешкіге ұқсайды».

Әлгі бағып-қаққан зұлымдығы күндердің күнінде оны күл-талқан

етеді. Фәни пайдалар үшін әділеттіліктен тайғандар өз орын өздері

қазады. Уақыты келіп жеткенде ішіне түседі. Олай болатын болса,

қаншама ауыр болса да, әрдайым әділеттілік пен туралықтан таймау ке-

рек.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) біреуден қарыз алған болатын. Әлгі адам

уақытынан бұрын қарызын талап етеді. Онымен қоймай дөрекі және

жағымсыз сөздер айтады. Мұндай құрметсіздікке жаны шыдамаған са-

хабалар әлгінің сазайын тартқызуға ұмтылады. Алайда Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) оған рұқсат етпей:

«Жіберіңдер оны! Өйткені қарыз берушінің

қарызын алғанға дейін қарыз алушыға сөз сөйлеу құқығы бар»

, - дейді

(Бұхари, Истиқрад 7; Мүслим, Мусақат 118-122/1600-1601)

.

Әбу Сағит әл-Хұдри (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір бәдәуи Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп, қарызын талап етті.

Мұнысымен қоймай дөрекілік танытты. Тіпті: «Қарызыңды өтегенге

дейін, осылайша сенің мазаңды ала беремін», - деп даурықты. Сахабалар:

«Оңбаған! Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білмей тұрсың ғой», - десті.

Бәдәуи: «Мен ақымды талап етіп тұрмын», - деді.