(
252
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
бұрыннан жасаған келісімдеріміз өз күшін жоймайды. Олармен бірге бо-
ламыз», - дейді.
Аллаһ Тағала мұсылмандарға жеңіс сыйлап, кәпірлер жеңіледі. Мұны
естіген қалалар мұсылмандарға қақпаларын ашып, сайқы-мазақтарын,
күлекештерін қала сыртына шығарып өз қуаныштарын жеткізеді. Әрі
салықтарын шын пейілмен төлейді.
137
Мұсылман әскері бұл әділеттілікті тек Хұмуста ғана емес, бұрын
бағындырып кейін шегінуге мәжбүр болған барлық аймаққа танытты.
Мысалы, Плавна қолдан шыққанда Ғази Осман паша халыққа алған
салығын қайтарып берген.
***
Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деп хикая етеді:
«Сұлтандардың бірі киімін өзгертіп, өлкесін кезуге шығады. Жол-
жөнекей бір шаруаның үйінде мейман болады. Шаруа жалғыз сиырының
сүтімен күн көретін. Әлгі жалғыз сиыр бірнеше сиырдың сүтін беретін.
Сұлтан бұл сиырды сарайыма алып кетейін деп ойлайды. Шаруа күндегі
дағды бойынша сиырды бақтаға жібереді. Ол, кешке сиырды сауғанда
күндегідей беріп келген сүтінің жартысындай ғана сүт бергендігін көріп,
таң қалады. Шаруа кейпіндегі сұлтанның таңданысында тіпті шек жоқ
болатын. Шаруаға қарап: «Бақташы бүгін сиырды басқа бір жерде бақты
ма?» - деп сұрады.
– Жоқ, күндегі жайлауына айдап апарып жайды.
– Сиыр басқа жерден су ішті ме екен?
– Жоқ. Ішпеді.
– Олай болса, сүті неге жартыға түсті.
Өте ұғымтал шаруа: «Сұлтанымыз бұл сиырды өзіне алуға ниеттенді-
ау деймін. Кез келген мемлекет басшысы халқына зұлымдық жасаса, яки
зұлымдық жасауды ойласа ол мемлекетте береке қалмайды», - деді.
Сұлтан сасып қалып: «Сен сұлтанды қайдан танисың?» - деп сұрады.
Ал шаруа танығандығына сенімді болатын. Сұлтанның жүзіне қарап:
«Бұл іс осылай болмақ», - деп жауап қатты.
Сұлтан мұндай зұлымдықты ойлағандығына қатты өкінді. Ішінен:
«Аллаһым! Бұдан былай ешкімге зұлымдық жасамаймын! Бұл сиырды
да алмаймын», - деп өз-өзіне сөз берді. Ертеңіне әлгі сиыр сауылғанда
бұрынғысынша мол сүт берді».
138
137. Балазури, Футухул-Булдан 187, Бейрут 1987.
138. Бәйһақи, Шұғаб VII, 53; Суюути, әд-дуррул-мансур, Бейрут 1993, II, 76-77.