(
255
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Салжұқ сұлтаны Алауиддин Кейқұбат қаланың бекінісін
тәмамдағанында Хазірет Мәуланың әкесі Бақауиддин Уәладтың келіп
бекіністі көруін өтінеді. Ол оның бекініс жайлы пікірін білгісі келген бо-
латын.
Хазірет Бақауиддин Уәлад бекіністі көріп былай дейді:
«Бекінісің селге һәм дұшпанныңшабуылдарын тойтаратындайжақсы
салынған екен. Бірақ сен қол астыңдағы зұлымдыққа ұшырағандардың,
езіліп жаншылған жандардың қарғыс оқтарына қарсы қандай шара
қолданбақшысың? Өйткені олардың қарғыс оқтары, сенің жалғыз
бекінісің секілді жүз мыңдаған бекіністің талқанын шығарады. Дүниені
ойран етеді.
Ең дұрысы, сен әділеттілік пен жақсылықтың мұнараларын тігуге
кіріс! Ізгі жандардың арасынан дұға ететін әскер жасақта! Істің бұлай
болуы, сен үшін мына бекінісіңнен қауіпсіздеу. Өйткені халық пен
дүниенің тыныштығы, дұға ететін жан дүниесі бай әскердің саясында
ғана жүзеге асады».
***
Сыртқы саясатта көптеген жетістіктерге қол жеткізген Йылды-
рым Баязит хан Анадолының бірлігі үшін үлкен қадамдар жаса-
ды. Әмірліктердің ең үлкені болып табылатын Қараман ұлдарының
едәуір бөлігін Осман империясына қосты. Бірақ бұл бірігу олардың өз
еріктерімен жүзеге асқан болатын. XV ғасырда өмір сүрген осман тарих-
шысы Ашық Пашазаде бұл уақиғаны былай деп хикая етеді:
«Баязит хан Конияға жақындағанда, қаланың қақпалары тарс жа-
былды. Алайда қырманның уағы болғандықтан Кония жазығының
әрбір тұсында арпа және бидай үйінділері жатқан еді. Халық үрейленіп,
бекініске тығылды. Оларды жинап алуға ешқандай мүмкіндік жоқ бола-
тын. Мұны көрген Йылдырым Баязит ханның әскері бекіністің іргесіне
жақындап, қала тұрғындарына: «Шығыңдар! Бізге арпа мен бидай
сатыңдар! Аттарымызды жемдеп алайық!» - деп айқай салды. Халық бұл
ұсынысқа таңырқап, тіс жарып ешнәрсе айтпады.
Бірнеше кісі: «Айтып тұрғандары рас па екен? Қанекей көрелік!» -
деп бекіністен шықты. Әскердің тұсына келді. Мұны естіген Баязит хан
әскеріне мынадай әмір берді.
«Бұлар біздің мұсылман бауырларымыз! Біреуге зұлымдық жасаудан
сақтаныңдар! Құл ақысына мұқият болыңдар! Арпаның қожайындары
арпасын өз қалауымен сатсын!»
Осылайша бекіністен шыққандар өз разылығымен және қалаған
бағасына арпаменбидайынсатты. Ақшаларыналып, ризаболыпбекініске