Previous Page  254 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 462 Next Page
Page Background

(

254

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Күндердің күнінде Таламсан падишаһы, сұлтан Жақия сарай

ұлықтарыменбірге қаланыкезугешығады. Оныңжәне қасындағылардың

айбаты мен әсемдігінің сиқыры баурап алған халық, сұлтанға құрмет

көрсету ниетінде орындарынан тұрып: «Падишаһым! Ұзақ өмір сүріңіз!»

- деп қошемет көрсетумен болды. Алайда сұлтанның көзі көпшіліктен

аулақ, анадай жерде жалғыз, бейғам, дүниеден аулақ, жүзі нұрлы әулиеге

ілікті. Қасындағылардан: «Мынау нұрлы жүзді кім?» - деп сұрайды.

Олар: «Сұлтаным! Ол әйгілі тунистік шейх (ғалым) қой. Ол, бір

үңгірде жеке өмір сүреді», - деп жауап берісті.

Жан дүниесін мың бір сауал билеген сұлтан астындағы атын тунистік

шейхқа бұрады. Ішін жегідей жеп жүрген мына сауалды одан сұрағысы

келді.

Қасына барып: «Үстімдегі мына жібек киіммен намаз оқуыма бола

ма?» - деп сұрады.

Бірақ шейх сұраққа жауап бергісі келмеді. Оған сарайында жүрген

ғалымдардан сұрауын өтінді. Алайда сұлтан алған бетінен қайтпады.

Шейх: «Бір ит жайлы ойлаңыз. Әлгі ит бір өлік тауып алып,

әбден тойғанынша жеді. Ішін, үсті-басын былғап алғанын елемей

дәрет сындырғысы келгенде ластанбау үшін аяғын көтерді. Қойған

сауалыңыздың жауабы да осыған ұқсайды», - дейді.

Сұлтан ашуға мініп: «Мұнымен не дегің келіп тұр?» - дейді.

Шейх: «Мына нәрсені айтқым келіп тұр. Сіздің асқазаныңыз бен

денеңіз харамға, зұлымдық пен құл ақысына толы. Осылай бола тұра,

сіз менен жібек киіммен намаз оқысам қалай болады деп сұрайсыз», -

дейді.

Бұл хикметті сөздер сұлтанға қатты әсер етті. Дереу үстіндегі

киімдерін шешіп, лақтырып жіберді. Қылышын да лақтырып жіберді.

Таңырқап қарап тұрған халыққа: «Уа мұсылмандар! Менде ақыларың

болса, кешіңдер! Әрі өздеріңе бір падишаһ тауып алыңдар!» - деді.

Осылайша тунистік шейхтің соңына еріп, оның ықыласты

шәкірттерінің біріне айналды.

Сұлтан Жақия шейхтің құзырында, рухани тәрбиесінде үлкен

дәрежеге қол жеткізеді. Тіпті тунистік шейх өзінен дұға етуді талап ет-

кен халыққа: «Дұға етуді Жақиядан талап етіңдер! Өйткені мен, оның

орнында болсам, оның істегенін істей алмас едім», - дей бастады.

Иә, егер сұлтандар оның жеткен биігіне қол жеткізудің қадірін білсе,

барша дүние-мүлкін ойланбастан жұмсар еді.

***