(
251
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мұны естіген Аллаһ Елшісі (с.а.у.) азу тістері көрініп, күлімсіреп:
«Әйел дұрыс айтқан екен. Иә, дұрыс айтқан. Әлсіздердің күштілерден
ақысы алынбаған қоғамды Аллаһ қалай ақтап алмақ!» - деді
(Ибн Мәжә,
Фитан 80; Әбу Яғла, Муснад IV, 7-8; ибн Хиббан, Сахих, (Арнаут) XI, 443-444).
***
Хайбар жеңісінен кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Абдулла ибн Рауаханы
(р.а.) Хайбар қамалына жұмсайды. Ол алынуы керек болған құрманың
мөлшеріншамалап,өндіріпалатын.Хайбардағыжердіңдиқаншылығымен
айналысатын яһудилер Абдулланың мұқияттылығынан мезі болады.
Тіпті бір жолы өзіне жылы шырай танытуы үшін пәре де беріп көреді.
Әйелдердің әсемдік бұйымдарының бірнешеуін жинап, оған: «Мыналар
сенікі! Бірақ құрманы көргенде біздің пайдамыз үшін әрекет ет! Бізге
көз жұм», - деседі.
Абдулла: «Уаллаһи! Сендердің теріс қылықтарыңды жек көруім,
сендерге әділетті болуыма кедергі бола алмайды. Сендердің маған
бергендерің пәре болып табылады. Пәре болса, харам. Біз оныжемейміз»,
- деді.
Яһудилер таңданысын жасыра алмай: «Міне бұл әділеттілік, туралық.
Осы екеуі арқылы көк пен жер өз тепе-теңдігін сақтайды», - десті
(Муатта,
Мусақат 2)
.
***
Мұсылмандар Византия императоры Гераклдың үлкен күшпен
өздеріне бет алғандығын естиді. Мұсылмандар Хұмус халқына өтеген
салықтарын қайтып беріп: «Біз дәл қазір бір шабуылға тап болар түріміз
бар. Сіздердің қорғау мүмкіндігі бізде жоқ. Бұл салықтарыңды сендерді
қорғау үшін алған едік. Өз еріктеріңіз өз қолдарыңызда. Қалауларыңыз
білсін!» - дейді.
Хұмус тұрғындары: «Уаллаһи! Сендердің өкіметтерің мен
әділеттіліктерің, сендерден бұрынғы көрген зұлымдық пен қаталдықтан
әлдеқайда жақсырақ. Сендердің әкімдеріңмен бірге қаланы Гераклдан
қорғаймыз», - деп уәде береді.
Қалада тұратын яһудилер де: «Тәуратқа ант етеміз! Біз жеңіліп,
талқанымыз шыққанша Гераклдың әкімі қалаға кірмейді», - деп ант-су
ішті.
Барша халық қаланың қақпаларын құлыптап, дұшпаннан қаланы
қорғауға бел байлады. Бұрыннан келісімге келген өзге қалалардағы
яһудилер мен христиандар да дәл солай әрекетке көшті.
Өз араларында: «Егер римдіктер мен олардың соңына ерген-
дер мұсылмандарды жеңсе, біз баяғы зорлық-зомбылық көрген ескі
күндерімізге қайта ораламыз. Ал егер мұсылмандар жеңіске жетсе,