Previous Page  256 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 256 / 462 Next Page
Page Background

(

256

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қайтты. Бекініс тұрғындары бұл ұлы әділеттілік пен адамшылықты көріп

қаланың қақпаларын ашып, әскерді ішке кіргізді. Бұл уақиғаны естіген

атыраптағы басқа қалаларға елшілер жіберіп, сұлтанды өз аймақтарына

шақырды.

«Келіңдер! Қалаларымызды сендер билеңдер!» - деген дұғай-дұғай

сәлем айтты».

***

Фатих сұлтан әділеттілікті ұстанатын, әрі әділеттілікті орнатуға күш

салған қазыларға үлкен мән беретін. Олардың шығарған үкімдері жүзеге

асу үшін тікелей өзі жәрдемші болушы еді. Бұл жайлы мына уақиғаға

көз жүгіртіп көрелік.

«Сол дәуірдің алдыңғы қатарлыжандарының бірі Дәуіт паша жасаған

зұлымдығы үшін Едірне қазысына келіп шағым түседі. Қазы, Дәуіт па-

шаны бұл істен бас тартуын ескертеді. Оған алатын жазасын да білдіреді.

Екеуінің арасында талас туады. Таласта шектен шыққан Дәуіт паша

қазыныңжағына салып-салыпжібереді. Мұны естігенФатих: «Әділеттің

қызметшісі болған қазыны ұрған адам, дінді қорлаған, әрі дінді ойран ет-

кен адам»,-деп пашаға ауыр жаза кеседі.

Дәуіт паша материалдық және рухани күйзелістен кейін төсекке

таңылады. Қателігін түсінеді. Тәубе етіп, қатты пұшайман болады.

Аллаһтың әміріне қайтып қарсы шықпайтындығына, әрі сондай теріс

қылық жасамайтындығына уәде береді. Осыдан кейін Фатих екеуінің

арасында жақындық пайда болып, уәзірлік қызметіне дейін өседі.

Кейінірек ІІ Баязиттің тұсында бас уәзірлік қызметін атқарады».

***

Явуз Сәлім сұлтанның Мысыр сапарында болған маңызды

оқиғалардың бірі мынадай.

«Сұлтан орталықтан ұзап кеткендіктен қаржы мұқтаждығы

байқалады. Бірнеше істер үшін бай бір саудагерден қарызға қаражат

алынады. Кейін қазынадан күткен қаражат келеді. Қаржыгер қарызды

өтеу үшін әлгі саудагерге барады. Саудагер қаржыгерге мынадай ұсыныс

жасайды.

«Байлығым көп! Жалғыз ұлымнан өзге ешкімім жоқ. Қабыл етсеңдер,

берген ақшамды сыйға тартайын. Тек біршартымбар! Ұлыма мемлекеттік

бір іс беріңдер!»

Қаржыгер саудагердің талабын сұлтанға жеткізеді. Сұлтан қатты

ашуланып, қаһарына мінеді.

«Мына әкелген арам ұсынысың үшін, Аллаһқа ант етейін, сені де әлгі

саудагерді де ойланбастан өлтірер едім. Алайда Сәлім сұлтан ақшаға