(
262
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
мүмкін.
141
Айыптары табылып жария болған жандар айыптарын барлық
жанның білетіндігіне көзі жетіп бірте-бірте ұялу сезімінен айрыла-
ды. Ұятын жоғалтқан адам кез келген нәрсені істей алады. Сонымен
қатар өздері жайында жаман ойларды байқағанда көптеген жағымсыз
қылықтар жасайды. Жек көру, өшпенділік және кекшілдік бойларын
билеп алады. Бұлардың әрбір жанға және қоғамға тигізер залалы мол.
Кісі өзгелердің айыбымен ауысудың орнына өз кемшіліктерін түзетуге
тырысуы қажет.
Ибн Аббас (р.а.) былайша насихат етеді: «Достарыңның айыбын
айтқың келгенде дереу өз айыптарыңды есіңе түсір!»
(Бұхари, әл-Әдәбул-
Муфрад 328)
.
ӘбуҺурайраның (р.а.) хикмет толынасихаттарының бірі мынадай бо-
латын: «Сендердің араларыңдағы бірің бауырының көзіндегі қылшықты
көріп өзінің көзіндегі үлкен келтекті ұмытып кетеді»
(Бұхари, әл-Әдәбул-
Муфрад 592)
. Кез келген жан өзі істеген қателікті жария етпеуі, жасыруы
қажет. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Істеген күнәсінжа-
рия еткендер тыс өзге үмбетімнің барлығы кешірілген. Бір кісі түнде бір
жаман іс жасап, Аллаһ оны жасырса да таңертең тұрып: «Ей, пәленше!
Мен кеше былай істедім», - деп айтуы үлкен күнә. Шынында да сол түні
Аллаһ оның жамандығын жасырған еді, бірақ ол таң атқанда Аллаһтың
жасырғанын жария етеді»
(Бұхари, Әдеп 60; Муслим, Зүһд 52)
. Адам істеген
күнәсын бір керемет іс екен деп жария етуі жамандықтың жайылуы де-
мек. Хақ Тағала жамандықтың жайылуын жақсы көргендерді азаппен
сүйіншілейді. Керісінше бұл дүниеде істеген күнәсын ұялып жасырған
жанды қиямет күнінде қор қылмауы үміт етіледі. Қысқасы кейбір
адамдар құлшылыққа үлкен мән бергендерімен Хақ Тағаланың басты
сипаттарының бірі болған «Айыптарды жасырушы» деген мағынаға
келетін сипатынан мақұрым қалады. Сондықтан рухани тұрғыдан
ойдағыдай дәрежелерге қол жеткізе алмайды. Ал кешіру және айыпты
жасыру көркем ахлақтың жақсы қасиеттерінің бірі.
Аллаһ Тағала біз секілді құлдарының есепсіз кемшіліктері мен
қателіктерін жасырып кешіргені сияқты біз де кешірімшіл болуымыз
ләзім. Ішкі жандүниесінде Аллаһ Тағаланың махаббаты болған жандар,
кешірімшілікті де жанындай жақсы көреді. Аллаһтың құлдарын көбірек
кешіріп, біз де оның кешіріміне лайық болалық.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Ибн Омар (р.а.): «Мен Аллаһтың Елшісінің былай дегенін естіген
едім:
«Мүмин қиямет күні Раббысының жақсылығына, игілігіне жақын
141. Әбу дәуіт, Әдеп 37/4888