Previous Page  266 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 266 / 462 Next Page
Page Background

(

266

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

қожайыны оған тиісті жазасын берсін! Бірақ кінәсін бетіне басып,

сөкпесін! Кейін екінші мәрте қайтып зина жасаса, дәл солай тиісті жа-

засын берсін! Алайда кінәсін бетіне басып балағаттамасын! Кейін атал-

мыш күң үшінші мәрте зина жасаса, қожайыны оны қылдан өрілген

жіптің құнына болса да сатып жіберсін!»

(Бұхари, Ғитқ 17, Хұдуд 35, 36; Буюуғ

66, 110; Мүслим, Хұдуд 30)

.

Міне Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) бойынан табылған, әрі барша мұсылман

баласын осындай игі қасиетке шақырған ислам діні нендей ұлық!

Ислам діні тіпті ең ауыр күнәні істеген кісінің өзіне дөрекі сөйлеуге

рұқсат етпеген.

Жүсіп пайғамбардың (а.с.) өзін құдыққа тастап, өліммен бетпе-бет

қалдырған бауырларын кешіруі мұсылман тарихында алтын әріптермен

жазылған дүние. Ол әуелі қараңғы құдыққа тасталады. Кейін одан

шығарылып, құл секілді сатылады. Кейінірек зынданға қамалады. Уақыт

өте келе Аллаһтың қалауымен Мысырдың қаржы министрі болады.

Жамандық жасаған бауырлары жұттан құтылмақшы болып, Мысырға

келеді.Олароғанмұқтажкүйге түскенеді.Жүсіп(а.с.)қолындажазалауға

мүмкіндігі бола тұра, оларды жазалаудан бас тартады. Керісінше бауы-

рына басып, олардың қателігін кешіреді. Мұнымен шектеліп қалмай,

өздерін еркін сезінуін әмір етеді.

Хақ Тағала Құран Кәрімде бауырларының Жүсіпті (а.с.) таныған

сәтін былай деп суреттейді:

«Бауырлары: «Расында сен Жүсіпсің бе?»

- деді. Ол: «Иә, менЖүсіппін! Мынау бауырым! Шынында Аллаһ бізге

(көптеген)

игілік жасады. Шын мәнінде кімде-кім Аллаһтан қорықса,

әрі

(басына келген қасіретке)

сабырлық танытса, күдіксіз Аллаһ игілік

жасаушылардың еңбегін зая етпейді», - деді. Олар: «Уаллаһи! Аллаһ

шынында сені бізге үстем етті. Ақиқатында біз қателік жасадық!» -

деді.Жүсіп (а.с.): «Жасаған ескі қателіктерің үшін бүгін сендерге сөгіс

айту яки айып тағу жоқ. Аллаһ сендерді кешіреді. Ол, мейірімділердің

ең мейірімдісі», - деді»

(Жүсіп сүресі, 90-92 аяттар)

.

Кейінірек әке-шешесімен кездескен сәті былай деп суреттеледі:

«Әке-шешесін тағына отырғызды. Барлығы оған

(қауышқандығы

үшін)

сәждеге жығылды. «Әкетайым! Міне бұл бұрынғы көрген

түсімнің жоруы. Расында Раббым оны ақиқатқа айналдырды. Сондай-

ақ шайтан мені мен туыстарымның арасын бұзғаннан кейін, мені зын-

даннан шығарып, сахарадан сендерді әкеліп, маған көп игілік жасады.

Күмәнсіз Раббым қалаған жанына мейірімді. Ол толық білуші, хикмет

иесі»

(Жүсіп сүресі, 100-аят)

.

Бұл аяттар аталмыш уақиғаны баяндаумен ғана шектеліп қалмай,

тәрбие әдістерінің ең жоғарғысына ишарат етуде. Ол, жамандыққа