(
270
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
– Сендерден бұрын өмір сүрген қауымдардың бірінен болатын. Ол:
– Мені сөккенді яки тіл ұзатып ғайбаттағандарға ақымды халал
етемін (оларды кештім) деп айтатұғын, - деп жауап береді
(Әбу Дәуіт, Әдеп,
36/4887)
.
Табиғун буыны имам Қатада (р.а.): «Сендердің араларыңнан
біреу Әбу Дамдам секілді болуға шамасы жетпей ме? Ол таң атқанда:
«Аллаһым! Маған тіл ұзатқан, мені ғайбаттап абыройыма нұқсан
келтірген құлдарыңа ақымды халал етемін!» - деп дұға ететұғын
(Әбу
Дәуіт, Әдеп 36/4886)
.
Нендей кешірімшілдік үлгісі! Ол жеке басына айтылған өсек, ғайбат,
сөгу іспетті қатты жанға бататын айыптарды іле-шала кешіргендігін
Аллаһқа білдіреді. «Құлдарыңа» деген сөзінен Аллаһқа деген махаб-
батын көруге болады. Иә, ол өзінің себебінен адамдардың қиямет күні
қасіретке душар болмауын тілейді. Ол мұны Аллаһтың құлдарына
жасаған игілігім, жақсылығым деп ойлайды.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деп әңгімелейді:
«Сендерден бұрын өмір сүрген үмбеттердің бірінен бір кісі есепке
тартылды. Оның кітабында жақсылық атаулыдан түк жоқ екен. Бірақ
бұл кісі адамдармен қоян-қолтық араласқан жан болатын. Әрдайым
қызметшісіне, қиыншылыққа тап болған кедейлердің қарызын кешіп
жіберуді әмір ететін.
Аллаһ Тағала: «Біз кешірім жасауға одан да артық лайықпыз! Оның
күнәларын жасырыңдар!» - деді
(Мүслим 30; Ахмед IV, 120)
.
***
Әйгілі Жағфар Садықтың қызмет ететін құлы болатын. Өзіне өте
жақын болады. Бір күні құл қолында сорпа толы ыдысты Жағфар
Садықтың үстіне байқамай төгіп алады. Үсті-басы сорпамен былғанған
Хазірет Жағфар ашуға булыққан кейіпте құлға қарайды. Құл:
– Мырзам! Құран Кәрімде «
»
«
(хақиқи момындар)
Ашуын жеңгендер»
146
деп айтылған, - дейді. Жағфар Садық:
– Жарайды! Ашуымды жеңдім! - дейді. Құл:
– Мырзам! Дәл сол аяттың жалғасында «
»
«
(хақиқи
мүминдер)
адамдардың кемшіліктерін кешіреді»
деп айтылған, - дейді.
Жағфар Садық:
– Жарайды! Кешірдім сені! - дейді. Құл:
– Мырзам! Дәл сол аяттың соңында «
»
«Аллаһ
146. Әли Имран сүресі, 134-аят.