(
269
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жібереді.
144
***
Мұсылман баласы «тажассустан» сақтануы қажет. Яғни ешкімнің
айыбын, кемшілігін іздемеуі керек.
Хақ Тағала Құран Кәрімдегі
«
(Біреудің)
кемшілігін іздемеңдер!»
145
деген аяты арқылы бұл жағымсыз әрекетке тыйым салған.
Ұқба ибн Амрдың хатшысы болған уақиға өрісін былай деп
тарқатады:
«Мен Ұқбаға келіп: «Уа, Ұқба! Көршілеріміздің кейбіреулерінің арақ
ішетіндігін байқап қалдым! Қала сақшыларын шақыртайын! Оларға де-
реу тыйым салсын!» - дедім.
Ол маған: «Олай етпегін! Сен әуелі оларға насихат айт! Ескерту
жаса», - деді. Мен оның айтқанын бұлжытпай орындадым. Бірақ олар
жағымсыз әдетті тәрк етуден бас тартты.
Мен Ұқбаға қайта келіп: «Оларға насихат еттім. Алайда жаман
әдеттерін тастаудан бас тартты. Сақшыларды шақырамын», - дедім.
Ұқба: «Олай етпе! Өйткені мен, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.): «Кімде-кім
бір мүминнің айыбын жасырса, тірідей топыраққа көмілген қыз баласын
қабірден шығарып тірілткенмен тең», - деп айтқандығын естіген едім», -
деді
(Ахмед IV, 153)
.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандыққа ең көркем
әдіспен кедергі бол!
(Сол сәтте)
сенімен, екеуің араңда дұшпандығы
болған біреу, өте жақын достай болып кетеді»
(Фұссилат сүресі, 34-аят)
.
Осы аятқа ибн Аббас (р.а.) мынадай түсініктеме берген екен:
«Аятта айтылған
«ең көркем әдістен»
мұрат, ашуланған шақтағы
сабыр, жамандыққа душар болған шақтағы кешірімшілдік. Адамдар
бұларды іске асырса, Аллаһ оларды қорғайды. Әрі дұшпандары бас иеді.
Шынайы досқа айналады»
(Бұхари, Тәпсір, 41)
.
***
Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
– Сендердің араларыңнан біреу Әбу Дамдам секілді болуға шамасы
жетпей ме? - деп сұрайды. Жанындағы сахабалар:
– Әбу Дамдам деген кім? - деп сауал қояды. Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
144. Ахмет Нағим, Тәжридус-сахих, аударма, Анкара, 1923, ІІ, 468.
145. Хұжрат сүресі, 12-аят.