Previous Page  271 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 271 / 462 Next Page
Page Background

(

271

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

жақсылық жасаушыларды сүйеді»

деп айтылған, - дейді. Жағфар

Садық:

– Жарайды! Бар! Сен азатсың! Сені Аллаһ разылығы үшін азат еттім,

- дейді.

***

Қызметшісінің болмашы дүниеге сатылып, у салған асынан ауыз

тиер-тимес өлім тырнағына іліккен халифа Омар ибн Абдулазиз дереу

қызметшісін шақыртады. Оған қарап: «Мені улағандығың үшін қанша

ақша алдың?»

-

деп сұрайды. Қызметші: «Мың динар алдым!»

- деп жау-

ап береді.

Әділдігіменелаузынаіліккенхалифаныңжүзіненашуізібайқалмайды.

Қызметшісіне мың динарды қазынаға өткізуін әмір етеді. Әрі мұндай

ауыр қылмыс істеген қызметшісіне кешірім жасайды. Өйткені ол, ұлы

Раббысының құзырына пәк таза жүрекпен шыққысы келген болатын.

***

Әйгілі Халлаж Мансұр тасқа боралғанда: «Уа, Раббым! Менен бұрын

мені тасқа борағандарды кешір», - деп жалбарынады. Осылайша тіпті

өлімінің соңында ұлы әрекет жасаған болатын.

***

Хазірет Хатем Асамның төмендегі мына уақиғасы ғибратқа толы:

«Ол, мұңды, бейшара бір әйелмен сөйлесіп тұрған еді. Әйел дертін

жан-тәнімен түсіндіріп тұрғанында, ішінен жағымсыз дауыс шығады

(еріксіз жел шығарып қояды). Бейшара әйел балауыз секілді еріп, езіліп

кетеді. Шейх ешбір нәрсе естімеген жан секілді, байсалдылық танытады.

Қолын құлағына апарып: «Айтып тұрғаныңды естіп тұрғаным жоқ. Ауыр

естимін. Қатты дауыспен айтыңыз. Мен керең адаммын», - дейді.

Кемшілігім білінбей қалды-ау деп ойлаған әлгі әйел өмірге қайта

оралғандай күй кешеді. Осы уақиға Хатемге «Асам», яғни керең деген

лақап таңды. Ғалым әйелдің кемшілігі білініп қалмасын деген ниетпен,

ол әйел бақилық болғанға дейін халық арасында өзін керең етіп көрсетеді.

Ол, әйелдің өлімін естігеннен кейін жанында еріп жүрген шәкірттеріне:

«Құлағым жақсы еститін болды. Орташа дауыспен сөйлесе беріңдер!» -

дейді.

***

Шейх Сағди «Гүлістан» атты кітабында былай дейді:

«Күнәһар құлдың бірі қабыл болады-ау деген үмітпен қолын жай-

ып дұға етеді. Жалбарынады. Бірақ Аллаһ Тағала оның дұғасын қабыл

етпейді. Ол мойымай қайта дұға етеді. Аллаһ Тағала бұл жолы да қабыл

етпейді. Құл үшінші мәрте қолын жайып дұға етеді. Жалбарына ба-