Previous Page  276 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 276 / 462 Next Page
Page Background

(

276

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ына дақ салу, пара беріп дегеніне жету, қарызды кешіктіру яки өтемеу

іспетті жағымсыз іс-әрекеттер құл ақысына кірері хақ.

Құлақысынжеу,үкіміхарамболғандықтанадамныңішкіжансарайына

үлкен залал тигізеді. Кез келген жанға игі іс істеудің орайы келмейтіндігі

де тікелей осыған байланысты. Құлшылығын риясыз атқарамын деген

ниеті бар кісі, міндетті түрде құл ақысын жеуден жағымсыз, үкімі харам

нәрселерден бойын аулақ ұстауы тиіс.

ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР

Харб ибн Сурайыж (р.а.) есімін атамаған кісіден төмендегі мына

уақиғаны былай деп әңгімелейді:

«Мәдинаға келіп, сайға түстім. Қарасам, екі кісі үлкен бір ешкіні сау-

далап жатыр екен.

Сатып алушы сатушыға қарап: «Біраз түсірсеңші?» - деп тұр екен. Дәл

сол сәтте, қарсы алдымнан келе жатқан біреуді көрдім. Ішімнен: «Мынау

келе жатқан, әлгі Хашим атасынан шыққан, халықтың дінін ауыстырып,

пұттардан бас тартуды талап етіп жүрген кісі емес пе?» - дедім. Назар са-

лып қарасам, келе жатқан кісі әдемі, маңдайы ашық, жіңішке мұрынды,

қалам қасты, кеудесі қара қылды екен. Үстінде екі бөліктен тұратын ескі

киім бар еді. Біздің тұсымызға келіп, сәлем берді. Сәлемін алдық. Сол-ақ

екен сатып алушы оған қарап: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мынаған бірдеңе

деңізші! Біраз түсірсін!» - деді.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қолын көтеріп былай деді:

«Дүние-мүліктерің сендердің қолдарыңда! Қиямет күні Аллаһқа

қауышқанымда, сендердің ешбіріңнің дүние-мүлкіне, жанына, абыройы-

на «мен қол сұқты» деген дауды көргім келмейді. Аллаһ Тағала, сатқанда,

сатып алғанда, үкім шығарғанда, біреумен дауласқанда жеңілдік

көрсеткенге рақымдылық танытсын!»

Осы уақиғаны нақыл еткен кісі, Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сөздерінен

қатты әсерленіп, оның соңына түседі. Ислам діні жайлы сұраттырады.

Соңында: «Айтқан нәрселерің нендей керемет», - деп мұсылмандықты

қабыл етеді. Артынша былай дейді.

«Осы күнге дейін, одан артық ешкімді жек көрмейтінмін. Сол сәттен

бастап ол, баламнан, әке-шешемнен және барша адамзат баласынан

сүйікті халге жетті!»

(Хайсами IX, 18)

.

***

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір топ кісі Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі!