Previous Page  282 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 282 / 462 Next Page
Page Background

(

282

¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР

Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ұлы жан болғандығын көрсетеді. Оның бұл әрекеті барша мұсылман ба-

ласына өнеге болып табылады.

***

Ғұбада ибн Самиттің немересі былай деп әңгімелейді:

«Атам Ғұбада (р.а.) қайтыс боларында: «Өзім азат еткен құлдарды,

қызметшілерді, көршілерді, маған келіп тұратын барша жанды шақырып

келіңдер!» - деп әмір етті. Шақырған кісілері үйге жиналғанда: «Бүгін

менің бұл дүниедегі соңғы күнім. Алдағы түн, ақыреттік алғашқы түнім.

Білмеймін, бәлки араларыңдағы біреуге қолым яки тілім тиген шығар.

Сол себепті жаным кеудемнен шықпай тұрғанда, араларыңдағы біреуді

ренжітсем, дереу қазір келіп қысас жасасын. Оған істеген әрекетімнің,

дәл сондайын маған істесін! Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаһқа

ант етейін! Қиямет күнінде қысас болады», - деді.

Олар: «Сен, әкеміз секілді едің! Бізге әдептілікті тәлім еттің», - десті.

Ал ақиқатына жүгінсек, Ғұбада (р.а.) ешбір қызметшісіне «әй» деген кісі

емес.

Хазірет Ғұбада (р.а.) оларға қарап: «Сендерге жасағандарымды

кештіңдер ме?» - деп сұрады. Олар: «Иә, кештік!» - деп жауап берді.

Ғұбада (р.а.): «Уа, Аллаһым! Куә бол», - деді. Артынша былай деді:

«Қысас жасамайтын болдыңдар ғой. Олай болса мына өсиетіме құлақ

асыңдар! Артымнан жылайтын жанға ақымды кешпеймін. Жаным кеу-

демнен шыққанда жақсылап дәрет алып, мешітке барып намаз оқыңдар!

Маған және өздеріңе истиғфар етіңдер! Өйткені Аллаһ Тағала:

«Уа,

иман келтіргендер! Сабыр мен намаз

(оқу)

арқылы

(Аллаһтан)

жәрдем

сұраңдар!»

154

деп әмір етеді. Мені қабіріме жылдам жеткізіңдер! Ар-

тымнан алау, шам жағып келмеңдер! Қабірімнің ішінде астыма «ергуан»

ағашын төсемеңдер!»

(Әли әл-Муттақи XIII, 555/37443)

.

***

Абдулла ибн Зұбайыр (р.а.) былай деп жеткізеді:

«Жамал уақиғасында, шайқас басталардан алдын әкем Зұбайыр мені

шақырып алды. Мен дереу қасына бардым.

Ол маған қарап: «Балам! Бүгін көз жұматындар залым яки мазлұм.

Маған келетін болсақ, бүгін мазлұм ретінде бақилық болармын деп

ойлаймын. Ең үлкен қайғым, артымда қалып бара жатқан қарыздарым.

Қалай ойлайсың? Қарыздарды өтегеннен кейін, қолда қаражат қалар ма

екен?» - деді. Артынша сөзін былай деп жалғастырды: «Балам! Дүние-

мүлкімді сатып, қарыздарымды өте!»

154. Бақара сүресі, 153-аят.