Previous Page  285 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 285 / 462 Next Page
Page Background

(

285

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

болып табылады. Ол бұл күресте көптеген жеңіске қол жеткізді. Тіпті

ақтық демінде, біреуден тартып алынбаған, таза жерге жерленуін өсиет

еткен еді

157

(Әбу Заһра, Әбу Ханифа 64 бет)

.

***

Қануни Сүлеймен сұлтан құл ақысынан қатты қорқатын. Әділдікті

орнатуға аянбайтын. Сүлеймания мешіті мен «куллиясының» құрылысы

тәмамдалғанда бас сәулетшіден бастап, қарапайым жұмысшыға дейін

барлығын жинады. Хақ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын былай деп ба-

стап кетті.

«Уа, дін бауырларым! Мына мешіттің құрылысы Аллаһтың

рұқсатымен тәмамдалды. Қандай да бір қателік болып, айлығын ала

алмаған, келіп айлығын алсын! Сондай кісі болып, бұл жерге келмесе,

осы жердегілер оған хабар салсын. Бізден келіп, ақысын алсын!».

Кейінгі зерттеулерге көз тастасақ, құрылыс жүріп жатқанда тіпті

жануарларға арнайы бағдарлама түзілген екен. Яғни құрылыста

қолданылатын ат, қашыр тәрізді жануарлардың жұмыс істеу сағаты,

жайылу сағаты, тынығу сағаты барлығы есептеліп отырған. Қануни

Сүлеймен салдырған осы мешіт, сол руханияттың белгісі, нышаны

ретінде ұлылығын сақтап тұрған тәрізді.

***

Әулие Хазірет Махмуд Сами Рамазанұлы құқық факультетін

тәмамдаған болатын. Алайда құл ақысынан қорқып, бұл мамандықпен

шұғылданбады. Тахтакаледегі бір жұмыс орнында есепші болуды артық

көрді.

Құл ақысына аса мұқияттылық танытатын. Мысалы құрметті ұстаз,

жұмысқа бару үшін кемемен Қаракөйге қатынайтын. Билет алғанда

адамдарды күттіріп қойып құл ақысын мойнына алудан қорқып, алдын-

ала ақшасын майдалап алуға қатты көңіл бөлетін. Қаракөйден Тахтака-

157. Екінші Аббасилер халифасы Әбу Жағфар Мансұр Имам Ағзамға Бағдатта қазылық

міндетін атқаруға ұсыныс жасады. Алайда ол халифаның зұлымдық пиғылдарын

қолдау мағынасына келетінін және де үкім шығарған кезде де басшылықтың үстемдік

жасайтынын ойлап ұсынысын қабыл етпеді. Сол үшін Мансұр оны зынданға тастатып

дүресоқтырды.Анда-сандаБағдатқазылығынқабылетсебостандыққашағаратындығын

айтып жүрді. Имам Ағзам болса: «Оның пайдасына бола ижтихад жасағанша зынданда

жатқаным әлдеқайда дұрыс болар», - деп айтатын.

Қартайып, күш-қайратынан айрылған кезде барып зынданнан шығарылды. Өлімі

жақындағанда Мансұр тарапынан озбырлықпен басып алынған жерге жерленуін

қаламайтындығын айтып өсиет қалдырды.

Дүниеден озған кезінде жаназа намазына жиналған адамдардың есебі жоқ еді. Бағдатта

ешқашан мұндай құжынаған жамағат болмаған. Жамағат тарап кеткен соң Мансұр

қабірдің басына келіп намаз оқыды. Біраз уақыт қабірдің басында тұрды, қатты өкініп

ойға батты...