Previous Page  289 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 289 / 462 Next Page
Page Background

(

289

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

- деді. Артынша сүйеніп отырған жерінен, бойын түзеп:

«Жақсылап

тыңдаңдар! Оған қоса өтірік айту және жалған куә болу»

, - деді.

159

Бұл сөздерді көп қайталағандығы соншалық, одан бетер мұңаймасын

деген ниетпен, осымен шектеліп үндемесе екен деп тіледік»

(Бұхари,

Шәһадат 10, Әдеп 6, Истизан 35, Иститаба 1; Мүслим, Иман 143)

.

Кейбір риуаяттарда қиямет күнінде Аллаһ Тағаланың, ата-анасына

қарсы шығып, бағынбаған жандардың жүзіне назар салмайтындығы

айтылады.

160

Кісі, ата-анасына қандай мәміле жасаса, балаларынан да сол мәмілені

көреді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Ата-аналарыңа жақсылық жасасаңдар,

балаларың да сендерге жақсылық жасайды»

, - дейді. Иә, әке-шешесіне

алуан түрлі жамандық жасаған жандардың, сондай мәмілені өз балала-

рынан көргендігі күнделікті өмірде кездесетін ақиқат.

Адамдар,әке-шешесінежәнеөзгедежандарғажасайтынмәмілелерінде

ислам діні негізін қалаған әдептілік пен сыпайылық қағидаларына иек

артса, қоғамда тыныштық орнары даусыз. Ұлты француз Брайер, Осман

империясы қоғамында көрген өнеге айналарын былай деп тілге тиек

етеді.

«Осман империясы қоғамында балалар кәмелетке толып, есей-

ген шақта ата-анасының қолында қалуды мақтан тұтады. Балалық

шақтарында әке-шешесінен қандай мейірімділік көрсе, соны есейген

шақтарында әке-шешесіне көрсетумен өздерін бақыттымыз деп са-

найды. Ал ақиқатына жүгінсек өзге мемлекеттерде балалар кәмелетке

толар-толмас ата-анасынан ұзақтауға күш салады. Мирас, мұра жай-

ында қырқысып қалады. Тіпті өздері байлыққа кенеліп, қызыққа батып

жүргенде ата-анасының пақырлық кебін киіп жүретіндігі жасырын емес.

Ата-анасы жасы ұлғайып, көмекке зәру болып жүрген шақта, балалары

танымайтын кісісі секілді бейғамдық танытады».

Хақ Тағала баршамызды ата-анасының айтқанынан шықпайтын,

олардың разылығына қол жеткізіп екі дүниенің бақытына кенелген

құлдары болуымызды нәсіп етсін!

Әумин!!!

159. Негізінде үлкен күнәлар жоғарыда айтылғандармен ғана шектелмейді. Аллаһ Елшісі

(с.а.у.) басқа хадис шәріптерінде басқа да күнәлар жайлы айтып өткен. Бұл хадистердегі

қайшылықтар болса Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі болған уақыты, жері және қарым-

қатынаста болған адамына қарай қажет деп есептеген әр түрлі жағдайлардан

туындаған.

160. Нәсай, Зекет 69.