

(
295
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
соң, әке досының жанұясына қамқор болуы»
, - деп айтқанын естіген едім.
Мына кісінің әкесі, менің әкем Омардың досы болатын», - деді»
(Мүслим,
Бирр 11-13; Әбу Дәуіт, Әдеп 120; Тирмизи, Бирр 5)
.
***
Ислам тарихындағы ұлық тұлғалардың бірі имам Ағзам (р.а.)
Бағдаттағы абақтылардың бірінде зұлымдықтың ащы қамшыларының
астында жатып: «Мына халімді анашым естімесін! Күйіп кетеді. Мен
оның қайғыруына шыдай алмаймын»,-деп, анасына деген шексіз махаб-
баттын білдірген еді.
***
Ұлы ғалымдарымыздың бірі Нақышбәндидің өсиеті секілді төмендегі
мына насихатына көз жүгіртсек, оның ұлылығын байқаймыз:
«Біздің қабірімізді зиярат етуге келген кісі, әуелі анамыздың қабірін
зиярат етсін!»
Шынымен-ақ қазіргі таңда Хазірет Нақышбәндидің қабірін зиярат
етуге ниеттенген кісілер, әуелі оның анасының қабірін зиярат етеді.
Абдуррахман Жәми ана махаббатына қатысты мынадай пікір
түзейді:
«Мен анамды қалайша сүймеймін! Ол мені біршама уақыт тәнінде,
біраз уақыт құшағында, ал кейін өле-өлгенше жүрегінің түкпірінде та-
сып дүниеден өтті. Оған құрметсіздік ж саудан артық жамандықты
білмеймін!»
***
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, ата-ана ақысы
өтелуі мүмкін емес дүние. Имандылықтан кейін, ең маңызды нәрсе
ата-анаға қызмет ету болып табылады. Аллаһқа серік қосуды яки Оған
(Аллаһқа) қарсы шығар әрекетті әмір етпейінше, олардың айтқандарына
құлақ асып, бағынуымыз тиіс. Жәннаттың жолы ата-ананың разылығы
арқылы өтеді. Аллаһ Тағала пейішті аналардың аяғының астына төсеген.
Ал әкені жәннаттың ортаңғы есігі еткен. Енді кез келген жанның қалауы
білсін! Қалағанжан олардыразыетсін! Қаламағанжан көңілін қалдырып,
ренжітсін!
ә) Жанұя ақысы
Адамзат баласы жаратылысынан жанұя құруға, жанұя ішінде ғұмыр
кешуге мұқтаж. Бұдан тыс ғұмыр адамға бақыт сыйлай алмайды. Алай-
да жанұя өз қызметін мүлтіксіз атқаруы үшін жанұя мүшелерінің өзіне
қатысты құқықтары мен міндеттерін білулері тиіс. Әрі оларды мүлтіксіз