Previous Page  293 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 293 / 462 Next Page
Page Background

(

293

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

етті. Кезек «кафур» деп аталатын суға жеткенде, Аллаһ Елшісі (с.а.у.)

бұл суды өзі төкті. Кейін үстіндегі көйлегін шешіп, оған кигізді. Содан

соң мәйіт кебінделді.

Қабір қазылып, кезек мәйіт қойылар шаққа жеткенде, «лахыдты»

яғни үйді дайындауды Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өз мойнына алды. Өзі қазып,

топырағын сыртқа шығарды. Бұл істі тәмамдағаннан кейін, бір сәт сол

жерде шалқасынан түсіп жатты. Артынша былай деді.

«Жанды алатын да, беретін де бір Аллаһ! Ол ешқашан өлмейді.

(Уа, Аллаһым) анам Фатима бинти Әсетке рақым ет! Оған «хужжа-

тыны» (кәлима-таухидті) аузына сал! Кірген жерін (қабірін) кеңейт!

Пайғамбарлардың және менен бұрынғы пайғамбарлардың құрметі үшін

(дұғамды қабыл ет)! Шүбәсіз сен, рақымдылардың ең рақымдысысың!».

Кейін Аллаһ Елшісі (с.а.у.) төрт тәкбір алып, содан соң Аббас (р.а.)

және Әбубәкірмен (р.а.) бірге мәйітті қабірге қояды

(Табарани, Кәбир XXIV,

351-2; Яқуби II, 14; ибн Абдулбәр IV, 1891)

.

***

Хазірет Айша (р.а.) былай деп әңгімелейді:

«Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай деді:

«Көзім ілініп кетіпті. Жәннатта жүр екенмін. Біреудің дауысы

құлағыма шалынды. Құран Кәрім оқып отыр екен.

– Мынау кім? - деп сұрадым.

– Бұл, Хариса ибн Нұғман ғой, - делінді.

Түсін айтып өткен Пайғамбарымыз (с.а.у.) сөзін: «Игілік деген осы-

лай болмақ! Игілік деген осылай болмақ!» - деп жалғастырды.

Осы риуаяттың соңында Харисаның (р.а.) осындай мәртебеге

көтерген ерекшелігіне тоқталып: «Ол анасына жақсы мәміле жасайтын

сахаба болатын», - делінген»

(Ахмед VI, 151-152; Хаким IV, 167)

.

***

Ибн Аббас (р.а.) былай деп хикая етеді:

«Сағд ибн Ғұбаданың (р.а.) анасы қайтыс болды. Ол Аллаһ Елшісіне

келіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Мен түзде жүргенімде, анам көз жұмды.

Оның атынан садақа берсем, оған пайдасы тие ме?» - деп сұрады.

Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Иә, тиеді», - деп жауап берді. (Мұны естіген)

Сағд (р.а.): «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сен куә бол! Мен жеміс бауымды

анамның атынан садақа еттім», - деді»

(Бұхари, Уасая 15)

.

***

Мәлік ибн Рабиға (р.а.) былай деп әңгімелейді: