(
296
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
іске асырулары қажет. Адамға ең жақын жан, туыстар болғандықтан
оларға ең үлкен жауапкершілік және құқық берілген.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде бұл жайлы былай дейді:
«Туыстар Аллаһтың үкіміне қарай бір-біріне өзге мұсылмандар мен
мұһажирлерден жақынырақ»
(Ахзап сүресі, 6-аят)
.
Әкенің, шешенің, балалардың бір-біріне қатысты құқықтары бар.
Әке, әйелін және балаларын дұрыс тәрбиелеп, мұқтаждықтарын адал
жолмен өтеуі қажет. Сондай-ақ оларды ақыретке дайындауы ләзім.
Ал ана, күйеуіне деген міндеттерін аса мұқияттылықпен өтеуі керек.
Үйіне, бала-шағасына бас-көз болып, ие болуы қажет. «Ұяны құратын
ұрғашылар» деген мақалға сәйкес қанағатшыл болуы, ысырапшылдыққа
жол бермеуге күш салуы тиіс. Сонымен қатар әрбір ісін ақылға салып,
іске асыруы ләзім.
Ата-ана балаларына бірдей әділеттілік танытуға тырысуы қажет.
Оларды бөліп жармауы керек.
Ал балалар да ата-анасына құрмет көрсету жолында аянбаулары
қажет-ақ. Шын ықыласпен оларға қызмет етуге қолдан келгенді аянып
қалмаулары ләзім.
Жанұя ішінде ең маңызды тәрбие істерінің бірі жанұя мүшелеріне екі
дүниенің бақытын сыйға тартатын ислам дінін үйрету болып табылады.
Аллаһ Тағала бұл жайлы былай дейді:
«
(Уа, Мұхаммед!)
жанұяңа на-
маз оқуды әмір ет! Әрі оны өзің сабырлықпен жалғастыр!»
(Таһа сүресі,
132-аят)
.
«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны
адамдар мен тастардан болған тозақтан қорғаңдар!»
(Тахрим сүресі,
6-аят)
.
Бұл аяттың тәпсірі жайлы тәпсірші ғалымдар, жанұя мүшелеріне
әсіресе балаларды бағып қағатын, діни тәрбиесіне әкенің жауапты
екендігін айтып өткен.
163
Діни және ақыреттік құқықтардан кейін дүниелік мұқтаждықтар
орын алады.
Мұғауия ибн Хайда былай деп әңгімелейді:
«Мен, АллаһЕлшісінен (с.а.у.): «Уа, АллаһтыңЕлшісі!Әйелдеріміздің
бізден алар қандай құқықтары бар?» - деп сұрадым. Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
былай деп жауап берді:
«Өздерің жейтін дәрежеде жегізу, киінетін
дәрежеде киіндіру. Сондай-ақ беттерінен ұрмау. Жасаған істерінің яки
163. Құртуби XVIII, 165; Рази XXX, 41.