Previous Page  299 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 299 / 462 Next Page
Page Background

(

299

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

әзірлейді. Күйеуінің жақсы көріп, сүйген ас түрлерін дайындауға күш

салады. Қанағатшыл, үнемшіл болады».

Балалардың да әке-шешесінен алар ақылары бар. Ибн Омар (р.а.)

Аллаһ Елшісінің былай деп айтқанын нақыл етеді:

«Аллаһ Тағала Құран Кәрімде бағзы құлдарын «абрар» деп атаған.

Өйткені олар әке-шешесіне әрі балаларына игілікпен жақсылық

жасағандар. Әке-шешенің сенен алар ақысы болғаны секілді, дәл солай

балаңның сенен алар ақысы бар»

(Хайсами ҮІІІ, 268)

.

Хақ Тағала жанұяға бала нәсіп еткенінде оң құлағына азан,

сол құлағына қамат айтып, оған жақсы ат қою әке-шешенің басты

міндеттерінің бірі.

166

Жағдайы жақсылар туылғаннан бір аптадан кейін Аллаһқа шүкір

ретінде ақиқа құрбанын шалулары қажет. Баланың шашын алып,

шашының салмағындай күмісті пақырларға таратуы жөн.

167

Жанұядағыбалалар ғибраттыпайғамбарлардың қиссаларынан ғибрат

алуы ләзім. Әке-шешелері әуелі оларға алғашқы діни мағлұматтарды

үйретуі керек. Кейін таңдап алатын мамандықтарына байлынысты исла-

ми үкімдерді үйренулеріне жәрдемші болулары қажет. Жанұя мүшелері

нәпсінің, шайтанның, қара ниетті жандардың айласынан Аллаһқа сиы-

нып, қырағы болулары тиіс. Өйткені бұлар ең қасиетті мекеме болып

табылатын жанұяны жығу үшін қолдарынан келгенін аямайды. Олар

жанұяны жықса, көпшіліктің ахлақын бұзатындығын және дінді де

жығатындығын жақсы біледі. Мұның маңыздылығын білдіретін хадис-

шәріптерге көз жүгіртіп өтейік:

«Ібілістің аршы теңізде, жәрдемшілерін адамдарды азғыру және ада-

стыру үшін жер жүзіне жібереді. Оның құзырында ең мәртебелісі және

ең үлкені адамдарды ең көп азғырғаны. Олардың бірі келіп: «Бүгін мен

ананы-мынаны істедім» - дейді. Ібіліс оған қарап: «Ешнәрсе істемепсің!»

- дейді. Кейін басқа біреуі келіп: «Мен (әлсіз жерін тапқан) кісінің әйелін,

одан айырғанға дейін жағасынан айырылмадым» - дейді. Бұған қатты

сүйінген Ібіліс оны өзіне жақындатып, жанынан тастамайды. Әрі оған:

«Сен нендей кереметсің!» - деп қошемет көрсетеді»

(Мүслим, Мунафиқун

66)

.

Мүминдер шайтанға, нәпсіге қолайлы сәт тудырмастан жанұясын

бұзбай ұстауға, санын арттыруға тер төгуі қажет. Отбасы құқықтарының

әрбір құқығын міндетті түрде аса үлкен мұқияттылықпен атқаруы керек.

Бұл құқықтар іске аспаған жағдайда, қиямет күні азапқа душар болады.

166. Әбу Дәуіт, Әдеп 61, 106-107.

167. Бұхари, Ақиқа 1, 2; Муатта, Ақиқа 2, 3.