(
304
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
істерге мән бермеу кісіні бұл дүниеде де, о дүниеде де қиын жағдайға
душар етеді.
б) Туыс ақысы
Әрбір кісінің туыстарымен, жақындарымен қарым-қатынасты үзбеуі,
қорғауы дініміздің ең көп мән беретін негіздердің бірі. Өйткені Аллаһ
Тағала туыстарды бір-біріне мирасқор еткен. Туыстар арасында көптеген
міндеттер жүктей отырып, байланысты күшейткен.
Туыстар адамның материалдық және рухани тұрғыдан күйзелуден
құтқарады. Әрі көптеген игі істердің іске асуына жәрдемші болары хақ.
Пайғамбарлар тәблиғтерін (үміттерін) әуелі өз туыстарына жеткізген.
Әрі олардың демеуі арқылы, өз міндеттерін ойдағыдай атқарған.
172
Мы-
салы Шұғайыптың (а.с.) бүлікшіл қауымы: «Егер ағайының болмаса,
сені тасқа борап өлтірер едік», - деген болатын.
Сондықтан мұсылман діни және дүниелік істерде туыстарына пайда-
лы болуы қажет. Игі істерде оларды қолдану үшін туыстық қатынасты
үзбей, өзінің туыстық парызын мүлтіксіз орындауы ләзім. Аллаһ Тағала
Құран Кәрімде былай дейді:
«Туыстармен арадағы қарым-қатынасты
үзуден сақтаныңдар! Күмәнсіз, Аллаһ Тағала сендерді бақылаушы»
(Ниса сүресі, 1-аят).
«Ата-анаға, туыстарға ... жақсы мәміле жасаңдар!»
(Ниса сүресі, 36-
аят)
.
Аллаһ Тағала «Рахим» деп атаған туыстық қатынасты, өзінің «Рах-
ман» (аса рақымды) және «Рахим» (ерекше мейірімді) деген көркем
есімдерінен алған. Құдси хадисте: «Оны (туыстық қатынасты) үзбегенге,
мен игілік жасаймын. Ал үзгенді, игілігім мен мейірімімнен мақұрым
қалдырамын», - дейді
(Әбу Дәуіт, Зекет 45/1694)
.
Демек, туыстық қатынас Аллаһ Тағаланың «Рахман» есімінен
шыққандықтан, мейірімділік пен рақымдылық негізінде болуы тиіс.
Төмендегі мына хадис-шәріп осы мағынаны көрсетеді:
«Туысының жасаған игілігіне, дәл сондай игілік жасаған жан туыстық
қатынасты үзбеген кісі қатарына енбейді. Нағыз туыстық қатынасты
үзбеген жан, туыстары онымен қатынасты үзгенімен, оларға жақсылық
жасаудан танбаған жан (болып табылады)»
(Бұхари, Әдеп 15; Әбу Дәуіт,
Зекет 45; Тирмизи, Бирр 10)
.
Бір сахаба Аллаһ Елшісінен (с.а.у.) сауабы мол амалды сұраған бола-
тын. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) өзімен қарым-қатынасты үзгеніне қарамастан,
172. Ибн Хиббан, Сахих, Бейрут, 1993, XIV, 86.