(
307
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
шағалы жан. Көптеген қиындықтарға тап болып, әжептәуір қиналып
қалады. Мұны байқаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзге көкесі болып
келетін Хазірет Аббасқа келіп: «Көкешім! Бауырың Әбу Тәліптің шет-
тей бала-шағасы бар екендігін білесің! Адамдар аштыққа душар бо-
лып, қиналып жатыр. Қанекей! Екеуміз Әбу Тәліпке барып сөйлесейік.
Ұлдарының бірін мен, бірін сен ал. Осылайша оның ауыртпалығына қол
ұшын берейік», - деді.
Хазірет Аббас (р.а.) бұл ұсынысты қуана-қуана қабыл етті. Екеуі
бірге Әбу Тәліптің үйіне барады. Әбу Тәліп ұсынысты естіп: «Ақылға
тимеңдер! Қалған ұлдарымның арасынан таңдағандарыңды алыңдар», -
деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әлиді (р.а.) ал көкесі Аббас Жаппарды алды.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымызға (с.а.у.) пайғамбарлық келгенге
дейін Хазірет Әли оның қанатының астында тәрбиеленді
(Ибн Хишам I,
264)
.
***
Әбу Хурайра (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Жақын туыстарыңа ескертужаса»
деген аят түскенде АллаһЕлшісі
(с.а.у.) Құрайыш руын шақырды. Олардың баршасы Аллаһ Елшісіне
(с.а.у.) келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бәз біреулерге жалпылай, ал бәз
біреулерге жекелей былай деп жар салды:
«Уа, Абдушамстың ұлдары! Уа, Кағб ибн Луайдың ұлдары! Өздеріңді
тозақтан құтқарып қалыңдар!
Уа, Абдуманафтың ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып қалыңдар!
Уа, Хашимның ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып қалыңдар!
Уа, Абдулмутталиптің ұлдары! Өздеріңді тозақтан құтқарып
қалыңдар!
Ей, Фатима! Өзіңді тозақтан құтқарып қал! Өйткені сендерді
Аллаһтың азабынан қорғап қалуға шамам жетпейді. Бірақ арамыздағы
туыстықтың арқасында, сендермен қарым-қатынасты үзбеймін»
(Мүслим, Иман 348, 351; Бұхари, Тәпсір 26/2; Тирмизи, Тәпсір 27/2)
.
***
Амр ибн Абаса (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Мен «жәһилия» (қараңғы қарабайыр) дәуірде халықтың адасып
жүргендігінің шет-жағасын білетінмін. Тура жолда жүрмегендерін ішім
сезетін. Өйткені олар пұттарға табынатын. Сөйтіп жүргенде, Меккеде
бір кісінің маңызды нәрселерді айтып жүргендігі құлағыма шалынды.
Әлгі кісіні көрейін деп, көлігіме мініп Меккеге тартып кеттім. Меккеге