(
310
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
(р.а.) бір адам жіберіп, анық-қанығын сұрастырады.
Қадірлі анамыз әлгі кісіге қарап: «Сенбі күні жайлы сұрап тұрсың.
Аллаһ маған оның орнына жұма күнін нәсіп еткеннен бері, ол күнді
жақсы көрмеймін. Яһудилер жайындағы сауалыңа тоқталар болсақ,
олармен туыстық қатынасым бар. Соны үзбей жүрмін», - деді.
Артынша Сафия анамыз (р.а.) күңіне қарап, неге жала жапқандығын
сұрады.
Күң: «Шайтанның дегеніне ердім», - деп кінәсін мойындады.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жұбайы Сафияның (р.а.) әлгі кісіге
берген жауабы һәм Ислам ахлағын көрсетті, һәм қадірлі анамыздың
мұсылманшылықты жан-тәнімен қабылдағандығына ишарат еткен бо-
латын.
Артынша жазықсыз жала жапқан күңіне қарап: «Кете бер! Сені азат
еттім», - деді
(Ибн Хажар, әл-Исаба IV, 347)
.
Өйткені Құран Кәрімде мына тәсіл өсиет етіледі:
«Жамандықты ең
көркем түрде жолға сал. Сол кезде (сен) сенімен дұшпандығы бар
кісінің, өте жақын достай болып кеткендігін (көресің)»
(Фуссилат сүресі,
34-аят)
.
Ардақты анамыз яһуди туыстарымен қатынасын үзбей, олардың тура
жолға түсуіне себепші болуды қалаған еді.
***
Бурайда (р.а.) былай деп хикая етеді:
«Бір күні Хазірет Омардың (р.а.) жанында отырған болатынмын.
Кенет күтпеген жерден шырылдап жылаған айқай шықты. Омар (р.а.)
қызметшісі Ярфаға қарап: «Мынау ненің дауысы екен? Қарап келші!»
- деді.
Ярфа айқайдың мән-жайын білуге орнынан тұрып, кетіп қалды.
Қайтып келгенде: «Құрайыштың бір қыз баласы, анасының сатылып
жатқандығына қиналып, жылап жатыр екен», - деп бізді хабардар етті.
Хазірет Омар (р.а.) Ярфаға:
– Мұхажирлер мен Ансарды маған шақырып кел, - деп әмір етті. Көп
ұзамай үйдің іші-сырты адамға лық толды. Омар (р.а.) сөз бастап әуелі
Аллаһқа мадақ айтты. Артынан:
– Мұхаммед (с.а.у.) әкелген дінде туыстық қатынасты үзу бар ма? -
деп сауал қойды. Олар:
– Жоқ, - деп жауап берді. Омар (р.а.):
– Бірақ сол қазіргі шақта аралаларыңда жайылып кеткен сыңайлы,