(
315
̦ÌIËÅ
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Көршіге берілетін яки одан келетін қандай да бір сыйлықты ешқашан
қор көрмеу ләзім. Әрдайым сыйлықтар тарту етіп, жақсылық жасауы-
мыз жөн болады. Аллаһ Елшісінің бұл жайлы айтқан хадисіне назар са-
лып көрелік!
«Бір-біріңе сыйлықтар тарту етіңдер! Өйткені сыйлық, көңілдегі
кірбіңді жояды. Алып бергендері кішкентай қойдың сирағы болса да,
көрші әйелдер бір-біріне сыйлық тарту етуді қор көрмесін!»
(Тирмизи, Уәла
6/2130)
.
ӨНЕГЕЛІ КӨРІНІСТЕР
Көрші ақысы құқықтарының ең маңыздыларының бірі, оларға руха-
ни тұрғыдан жәрдем болу. Діни және рухани кемшіліктерін толықтыру,
жаңылыстарын түзету. Бұл жайлыАбза әл-Хұдағи (р.а.) мынадай өнегелі
уақиғаны баян етеді:
«Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мінбеге шығып, сөз сөйледі.
Мұсылмандардың кейбіреуін мадақтады. Мадақтағаннан кейін бы-
лай деді:
«Бағзы біреулерге не көрінген? Көршілеріне діни мәселелерді
түсіндірмейді, білмеген нәрсесін үйретпейді. Оларды түсінігі мол
жандарға айналдырмайды. Оларға жақсылық жасауды әмір етпейді.
Жамандықтан тыймайды.
Бәз біреулерге де не көрінген? Білмеген нәрсесін неге көршісінен сұрап
үйренбейді? Түсінігі мол болуға неге тырыспайды? Уаллаһи! Білімді кісі
көршісіне үйретеді. Оларды түсінігі мол жанға айналдырады, жақсылық
жасауды әмір етіп, жамандықтан тыяды. Білмегендер де көршісінен
сұрап үйренеді. Діни мәселелерді түсінуге күш салады. Олай болмаған
күнде, оларды (әрбір топты) міндетті түрде жазалаймын!».
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бұл сөздерді айтқаннан кейін мінбеден түсіп,
үйіне қарай бет алды.
Сол жердегі кейбір жандар: «Пайғамбар Йемендік ашғариларды
меңзеді-ау. Өйткені олар, түсінігі, білімі мол жандар. Көршілері бол-
са, дөрекі, мінезі шатақ, әрі су бастауларын іздеп көшіп жүретіндер», -
десті.
Ашғарилар мұны естіп Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) келіп: «Уа, Аллаһтың
Елшісі! Сен бір қауымды мадақтап, ал бізді болса даттапсың! Ол біздің
қандай кінамыздан болып отыр?» - десті.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мінбеде айтқан сөздерін қайта айтты. Ашғарилар
оның өздерін меңзеп-меңземегінен сұрағанында, пайғамбар айтқан
сөздерін қайта қайталады.
Ашғарилар: «Олай болса, бізге бір жыл уақыт бер!» - десті. Аллаһ