Previous Page  321 / 462 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 321 / 462 Next Page
Page Background

(

321

̦ÌIËÅ

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

көрсетіңдер! (Сонда ғана) ешбір жан өзгеге зұлымдық жасамайды. Әрі

ешбір жан басқа біреуге тәкаппарланып, өзін артықпын деп санамасын!» -

деп уахи етті»

- дейді

(Мүслим, Жәннат 64; Әбу Дәуіт, Әдеп 40; ибн Мәжә, Зүһд 16)

.

Аллаһ Тағаланың осындай әмірлеріне құлақ аспай, дін бауырын қор

көрген кез келген жан үлкен зарарға тап болады. Бұған Аллаһ Елшісінің

(с.а.у.):

«Кісіге күнә ретінде, мұсылман бауырын қор көру жеткілікті»

, -

деген хадисі айғақ бола алады

(Мүслим, Бирр 32)

.

Аллаһтың құлдарын төмен санау, жүректе тақуалықтың болмауы-

нан, тәкаппарлықтан туады. Қажы Байрам Уәлидің сөзіне құлақ ассақ:

«Тәкаппарлық – белге байланған тас секілді. Не ұшыртпайды, не

жүздірмейді».

Хазірет Әбубәкір (р.а.): «Құл, дүние нығметтерінің біріне мас бо-

лып, тәкаппарланса, Аллаһ Тағала сол нығмет одан кеткенше оны жек

көреді», - дейді.

Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы сахабаларға қарап:

«Жүрегінде зәредей тәкаппарлығы бар жан, пейішке кірмейді»

, - деді.

Сахабалардың бірі: «Адам, киімі мен аяқкиімінің әдемі болуын

қалайды ғой», - деп бұл мәселені жақсылап түсінгісі келді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Аллаһ әдемі. Әрі әдемілікті сүйеді.

Тәкаппарлық болса, ақиқатты қабыл етпеу және адамдарды қор көру»

, -

деген түсініктеме жасады

(Мүслим, Иман 147; Әбу Дәуіт, Либас 26; Тирмизи, Бирр

61)

.

Адамдарды қор көрудің, тәкаппарлықтың соңының қандай

болатындығын көрсететін төмендегі мына хадистерге назар салайық:

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді:

«Бір кісі: «Уаллаһи, Аллаһ пәленшені

кешірмейді», - деп ант-су ішті. (Мұны естіген) Ұлы Аллаһ: «Пәленшені

кешірмейтіндігіме, кімнің (ант ішіп) үкім беруге құқығы бар? Мен оны

кешірдім, ал сенің амалдарыңды жоқ еттім», - деді»

(Мүслим, Бирр 137)

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадисінде былай дейді:

«Кімде-кім (өзін өзгелерден артық көріп): «Адамдар құрып кетті»,-

десе, олардан бұрын өзі құриды»

(Мүслим, Бирр 139; Әбу Дәуіт, Әдеп 77)

.

ҚұранКәрімгежүгінсек,әрбірпайғамбардыңқауымындағымүшріктер

иман келтірген мүминдерді қор көрген. Пақырлармен мәжілістес болуды

ар санаған. Мысалы, Нұх (а.с.) Пайғамбардың қауымындағы мүшріктер:

«Соңыңнан қор көрген жандар ерді екен деп, саған иман келтірейік пе?»

- деп, пақырларды қуып жіберуін талап етті. Өйткені олар, пақыр және

бейшара біреулердің сенген дінін хақ дін екендігіне иланбайтын. Ал Нұх

(а.с.) оларға былай деп жауап берген болатын: