(
324
¯ркениет ШЫ£ЫНДАªЫ ЖАУ³АРЛАР
Алтын ғасырдан қазіргі шағымызға дейін
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақындататын ең ізгі амалдар болып табылады.
***
Мусғаб ибн Сағд (р.а.) былай деп жеткізеді:
«(Әкем) Сағд Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) пақыр сахабаларынан өзін
артықпын деп санаушы еді. Мұны байқап қалған Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
«Сендерге, тек пақырларыңның саясында жәрдем тиеді, рызықтарың
беріледі»
, - деді
(Бұхари, Жиһад 76; Нәсай, Жиһад 43)
.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешбір жанды қор көрмейтін. Әл-ауқаты на-
шар жандарға әрдайым жақын болатын. Тіпті пақыр мұхажирлердің
құрметіне Аллаһтың мұсылмандарға жеңіс және жәрдем нәсіп етуіне
дұға ететін»
(Табарани, Кәбир I, 292)
.
***
Хаббаб (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Тәкаппар мүшріктер Ақра ибн Хабис және Ғұйайна ибн Хисн Аллаһ
Елшісіне (с.а.у.) келген болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Біләл, Сұхайып,
Аммар, Хаббаб тәрізді пақыр және ешкімі жоқ мұсылмандармен бірге
отыр еді.Әлгі екеуі бұлбейшарамұсылмандардытөмен санап, менсінбеді.
Пайғамбарымызғақарап: «Бізүшін,мыналарданбөлекмәжілісқұруыңды
талап етеміз. Арабтар біздің мыналардан артық екендігімізді көрсін. Өзің
де шет жағасын білесің ғой. Бізге араб руларынан елшілер, делагация-
лар келіп жатады. Олардың бізді мына құлдармен бірге отырғанымызды
көруінен ұяламыз. Сондықтан біз келгенде, оларды маңайыңнан аулақ
ұста. Сенімен ісіміз тәмамдалғаннан кейін, қаласаң олармен бірге бола
бер», - деді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) әлгі мүшріктердің тура жолға түсуінен үміттеніп:
«Жарайды», - деп келісімін берді.
Олар: «Жарайды деп айтуың жеткіліксіз! Мұны қағаз жүзіне түсір»,
- деді.
Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Хазірет Әлиді (р.а.) шақыртты. Бір қағаз ал-
дыртты. Біз бір бұрышта отырған едік. Дәл сол сәтте Жәбірейіл періште
(а.с.) төмендегі мына аяттарды әкелді:
«
(Уа, Мұхаммед!)
Күндіз-түні
Раббыларына жалбарынып, Оның разылығын тілегендерді қасыңнан
қума! Олардың есебінен, сен жауапқа тартылмайсың! Әрі олар сенің
есебіңнен жауапқа тартылмайды. Егер оларды қасыңнан қусаң,
залымдардың қатарына кіресің! Осылайша біз олардың бәз біреулерін,
өзге біреулермен: «Арамыздағы Аллаһтың игілік танытқан кісілері,
осылар ма?» - деп айтулары үшін емтихан еттік
(сынадық)
. Аллаһ
Тағала шүкіршілік еткендерді біледі емес пе?
(Уа, Мұхаммед!)
саған,
аяттарымызға иман келтіргендер келгенде, «сәламун аләйкум»
(сен-